Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

 Ақмола облысында ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 72 мыңнан астам тұрғынның қатысуымен аудандар мен қалалар, ауылдық және кент округтері әкімдерінің 673 есеп беру кездесуі өтіпті. Солардың ең маңыздысы бұрнағы күні өңір басшысы Мәлік Мырзалиннің есеп беруі болды. Көкшетау мәдениет үйінде өткен шарада бос орын қалмады. Және де сұрақ қоямын деушілер микрофонға кезекке де тұрды. Жаңаша форматта өткен шараны ұйымдастыру жоғары деңгейде жүргізілгені көрініп-ақ тұрды. Ал атқарылған шаруаның жайы қалай?

Егемен Қазақстан
25.02.2018 8008

Жоғарыда  атап кеткеніміздей, шынымен де бұл есептік кездесу ашық форматта өтті. Қатысушыларды есіктен тізіммен кіргізу болған жоқ және де тәртіпті қадағалайтын полицейлерді де көрмедік.  Міңберде қақиып баяндама оқып тұрғанның орнына сахнада  еркін жүріп, слайд арқылы аяғынан тік тұрып баяндаған облыс әкімі ақпараттық коммуникацияны жақсы меңгергендігін көрсетті. Мүмкіндігінше қолындағы планшетке көз жүгіртпеуге тырысты. Және де скайп және өзге де құрылғылар арқылы онлайн режимінде байланысқа шығып, өңір тұрғындарының қойған сауалдарына жауап беріп отырды. 

 Келтірген мәліметтеріне қарағанда, 2017 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгеріс орын алыпты. Тартылған инвестиция 257 миллиард теңгені құрап, 106,1 пайыздық өсім  көрсеткішіне ие. Облыста 12 мың жаңа жұмыс орындары құрылып, жұмыссыздық көрсеткіші 4,8 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасы бойынша былтыр 15 мың адам тұрақты жұмыс тапқан. Ал айлық жалақы 110 мың теңгені құрапты. Бұл ретте 2017 жылы өнеркәсіп өндірісінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 80 пайызға жетіп  (еліміз бойынша 4 орын),  өңірлік жалпы өнім көлемі 17 пайызға өскен. Степногор подшипник зауыты, «Алтынтау Көкшетау» ЖШС, «Қазақалтын» концерні, «ЕНКИ» кірпіш зауыты және өзге де кәсіпорындар ақмолалық индустрияны алға сүйреуші локомотивке айналып отыр. Мысалы, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ жүк және өзге де арнайы техниканың 900 данасын шығарып, 40 пайыздық өсімді көрсетсе, осыдан 3 жыл бұрын Целиноград ауданында ашылған «Sky Express Elevator KZ» ЖШС 77 лифт және 8 эскалатор шығарғаны да әкім есебінде көрініс тауыпты. Және де «КАИК» ЖШС мемлекеттік қолдаудың арқасында тіркемелі техника мен аспалы құрал-жабдықтарды шығаруға кірісіп те кеткен. Елбасының АҚШ-қа сапары нәтижесінде «Amity» тұқым себу кешенің құрастыру лицензиясына қол қойылып, құны 1,5 миллион доллар болатын алғашқы 12 данасы үстіміздегі жылдың наурызында шығады деп күтілуде. Сонымен бірге Ростсельмаш компаниясымен «Buhler» маркалы ауыр тракторларды құрастыру үшін лицензиялық келісімге қол қойылады деп күтілуде. Беларусь елімен биылғы жылы 1800 дана техника құрастыру жоспарланып отыр. Бұдан басқа, Көкшетау қаласындағы «Eurasian Group Kazakhstan» ЖШС базасында John Deer комбайндарын жинау да көзделген. 

Индустрияландыру картасына сәйкес өткен жылы құны 95 миллиард теңге болатын 7 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 1119 жұмыс орыны құрылғанын облыс әкімі ерекше атап көрсетті. Жеке инвестордың 63 миллиард теңге салуы есебінен жылына 2 миллион тонна цемент шығаратын ірі зауыт та іске қосылғаны да назардан тыс қалмады. Бұдан басқа, өңірде жалпы алғанда қуаты жылына 4 тонна болатын үш алтын өндіру зауыты салынады. Мемлекеттік инновациялық гранд (60 миллион теңге) арқылы «BIOTRON GROUP» ЖШС ауыл шаруашылығы малдарына арналған вакцина шығара бастады. Жоба Степногорск қаласында биотехнология кластерін құрудың алғашқы қадамы саналады. Сондай-ақ қайта өндеу секторын ары қарай дамыту мақсатында Индустрияландыру картасына сәйкес құны 500 миллиард теңге болатын 10 жоба жүзеге асырылуда. Соның алтауын (53,4 миллиард теңге) аяқтау биылғы жылға жоспарланған. Баламалы қуат көзіне қатысты айтар болсақ, әкім реті келгенде қазір жұмыс істеп жатқан Ерейментау ауданындағы жел электр станциясы (45 МегаВатт) мен Целиноград ауданындағы желден қуат алатын құрылғыны (750 Квт/сағат) ерекше атап кетті. Жалпы 2030 жылға қарай баламалы энергия үлесін 30 пайызға арттырып, өңірде өндірілетін электр қуатының 54 пайызын осы баламалы қуат көздері арқылы өндіру көзделген. Аграрлық салада да оңды өзгерістер ортаға салынды. 2017 жылы облыстағы 3,5 мың агроқұрылымдарға 38 миллиард теңге мемлекеттік қолдау көрсетілуінің арқасында ауа райының қолайсыздығына қарамай жоғары сапалы 5,1 миллион тонна астық жиналды. М.Мырзалин реті келгенде қазіргі кезде тиімді пайдаланылмай жатқан жерлерге ғарыштық мониторинг жасалатынын, соның нәтижесі бойынша ол жерлер алынып, жақсы жұмыс нәтижесін көрсеткен  шаруаларға үлестірілетінін алға тартты. Қазіргі таңда облыста 35 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылса, тағы 28-і ұйымдастырылатыны аталды. Өзін өзі жұмыспен қамтушылардың 70 пайызы осы ауылдық жерлерде тұратыны да қаперге салынды. Мәлік Кеңесбайұлы реті келгенде қытайлық кәсіпкерлер «Көкшетауминводы» АҚ өнімін Гонконг пен Қытайдың Гуандун провинциясына сату жөніндегі сауда әріптестігі болуға асық екендіктерін білдіргендігімен бөлісті. Ал толықтай алғанда қазір Ақмола облысынан 80 тарта компания өз өнімдерін экспортқа шығарып келеді екен. 

2017 жылы азық түлік өнімін өндіру 13 пайызға (өсімдік майын өндіру – 170 пайыз, ет – 122 пайыз, колбаса өнімдері 124 пайыз және ұн 112 пайыз өсімге ие) артып, 80 миллиард теңгеге жеткен. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1 мың бірліктен 41719-ға дейін өскендігі ерекше аталды. Соның нәтижесінде қосымша 6 мың жұмыс орыны құрылып, бюджетке салық ретінде 21 пайыздық қосымша түсім түскен. Мысал да жоқ емес. Үшінші топтағы мүгедектігі болса да Есет Нұралин деген азамат Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 3 миллион теңге несие алып, Красный Яр ауылында жылыжай ашыпты. Ал Зеренді ауданының тұрғыны Андрей Рыманов өз қаржысына спорттық-сауықтыру орталығын салуды ойластырғандығын айтып, облыс әкіміне осы ұсынысымен шыққан көрінеді. Өйткені жергілікті әкімдік жер телімін беруді қажет деп таппаған. М.Мырзалин аудан әкіміне бұл мәселені шешуді жүктей отырып, барлық өңірлерде өз қаржысына әлеуметтік және өзге де тұрғындарға қажетті нысандарды салушыларға қолдау көрсетілуі қажеттігін қатаң ескертті. Өйткені Елбасының өзі облыс әкімдерінен осыны талап етіп отыр. «Нұрлы Жер» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы 426 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бұл 3640 отбасы өздерінің баспана мәселесін жақсартып алғандығын көрсетеді. Сонымен қатар 11 ауылдық елді мекенде 241 шақырым болатын су құбыры тартылыпты. Бүгінгі таңда елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету 59 пайызға ғана шешімін тапқан. Сондықтан да биылдыққа 14 ауылда су жеткізу құбырларын тарту көзделсе, тағы 19-да жобалау-сметалық құжатын әзірлену қолға алынған. Өңір тұрғындары үшін тағы бір жақсы жаңалық, «Global Gas Group» ЖШС Ақмола облысына көгілдір отын жеткізу жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқандығы айтылмай қалмады. Алғашқы кезеңде облыс орталығын қосқанда жеті аудан, соның ішінде Бурабай поселкесі газбен қамтамасыз етілетіні ауызға алынды. Өткен жылы «Нұрлы Жер» жобаларын қоса есептегенде облыста 630 шақырым жол жөндеу көрсе, соның 236 шақырымы жергілікті жолдар саналады. Бұл орайда «Щучинск-Зереді» тас жолы және Көкшетау қаласына кіре берістегі жол (4 жолақты) үлкейтіліп, айтарлықтай өзгереді деп күтілуде. Сонымен қатар Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Есіл, Ерейментау, Жарқайын, Зереді және Сандықтау аудандарында поселкеаралық жолдар да жөндеу көреді.

 Бүгінде білім беру процесінде 515 мектеп ақпаратты-коммуникативтік  технологияларды қолданады. Облыстағы барша мектептер Интернет желісіне және «Bilim Land» инновациялық білім беру платформасына қосылған. Мектептерді мультимедиялық және жаңа радиотехникалық кабинеттермен жарақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай мұғалімдердің жалақысы 30 пайызға өскені ерекше аталды. Ал 2018 жылы 12 жаңа нысан салынса, тағы 15-і күрделі жөндеуден өткізілетін болады. Өткен жылы облысқа 384 медицина қызметкерлері келсе, солардың 140-ы дәрігер. Олардың 61-іне облыс орталығынан пәтер бөлініпті. Әкім орайы келгенде Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті базасында 150 орындық медицина факультетін ашу мәселесінің қарастырылып жатқандығымен де бөлісе кетті. Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамытудың үшінші кезеңіне сәйкес 60 миллиард теңге игеріліп жатқандығына назар аудартқан М.Мырзалин биыл Щучинск қаласы мен Бурабай поселкесінде инженерлік желілер мен авто жолдың салынатындығын жеткізді. Мәселен, Үлкен Чебачье көлі жағасында 233 гектарлық аумақта жаңа курортты аймақ салынады. Ал Бурабай поселкесінің өзінде 14 гекатр жерге мешіт, автотұрақ және тұрғын үйлері бар курорттық кешен бой көтереді деп күтілуде. Тағы бір жағымды жаңалық, «Rixos»  қонақ үйі маңында жалпы аумағы 370 гектарға премиум-класты курорттық аймақ пайда болады. Әкім сонымен қатар Көкшетау қаласына да тоқталмай өтпеді. Атап айтқанда, қала айналасын көк желекке айналдыру мақсатында 1292 гектар аумаққа тал отырғызу басталатындығымен бөлісті. Қала орталығындағы Қопа өзеніне балық жіберіліп, жағажай айтарлықтай өзгеріске ұшырайтындығы да көлденең тартылды. 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясыңда 4,4 миллиард теңге сомасына 115 іс-шара жүзеге асырылса, «Қазақстанның 100 қасиетті орыны» республикалық картасына Ақмола облысының 10 нысаны кіріп отыр. Қазіргі таңда барлық қасиетті орындар туралы ақпарат заманауи QR-коды технологиясы бойынша сандық жүйеге көшірілуде.

Сөзінің соңында өңір басшысы еліміздің бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру мемлекет пен жеке бизнестің бірлесе әрекет етуінің арқасында жүзеге асырылатындығын ерекше атады. Ешкім де сырт қалмауы тиіс. Бірлескен күш біріктірудің арқасында ғана тұрақты экономика өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Ол үшін өңірдің экономикалық және рухани әлеуеті жеткілікті. Елбасының сенімі мен өңір тұрғындарының үміті қаншалықты ақталды оны біз ағымдағы жылы білетін боламыз.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы.облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Ұлттық банк басшысы қазақстандықтарға валюта айырбастау бекеттеріне жүгірмеуге кеңес берді

21.06.2018

ҰБТ-2018: Алғашқы күні түлектердің 15,5 пайызы шекті ұпайды жинай алмады – Р.Әлімқұлов

21.06.2018

Жаңаөзенде балаларға арналған тегін ІТ сыныбы ашылды

21.06.2018

Ақтөбе облысында қаржы ұйымының озық технологиямен жабдықталған бөлімшесі қызмет көрсете бастады

21.06.2018

Солтүстік Қазақстанда журналистер спартакиадасы өтті

21.06.2018

Таразда тұңғыш рет трансплантациялық ота жасалды

21.06.2018

Б. Сағынтаев пен Ә. Жақсыбеков Түркістан қаласының облыс орталығы ретіндегі даму келешегімен танысты

21.06.2018

Түркістан - бүкіл түркі жұртының рухани астанасы - Сенат Төрағасы

21.06.2018

Алматының әкімі стартап-компанияларының өкілдерімен кездесті

21.06.2018

Еуропа лигасындағы қарсыластар анықталды

21.06.2018

«Жетісу» газетінің жарық көргеніне бір ғасыр толды

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымынан видеорепортаж

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Алтынбек Абайұлы: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру

21.06.2018

Түркістан облысы: Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу