Мал ұрлаушыларға жазаны күшейту қажет

 

Қайбір жылдары қылмыстық заң­намаларды ізгілендіреміз деп жеке­мен­шікке қол сұғатын ұры-қарылардың еркін тайраңдауына жол беріп отырмыз. Осының салдарынан қоғамда қыл­мыстың кейбір түрлеріне қатысты алаң­даушылық күшейіп, заңның әділдігіне деген сенім азаюда.

Егемен Қазақстан
26.02.2018 2448
2

Біздің негізгі әңгімеміз ауылдардағы мал ұрлығына қатысты болмақ. Мал – ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі. Қазақ тамағын да малымен асырап, баласын да малымен оқытып, той-тома­лақтарын да алдындағы азды-көпті малымен атқарады. Сондықтан да малын көзінің қарашығындай бағып-күтеді. Ресми деректерге қарағанда, елімізде үш жылдың ішінде 65 мыңнан астам мал қолды болыпты.

Енді себебі не деген сұраққа келейік. Қарап отырсақ, мал ұрлығымен ұсталған 50 мыңнан астам адамның тең жартысына жуығы (43,3 пайызы) бұрын да осындай қылмыспен қолға түскендер екен. Бұрын қолға түссе, екінші рет қылмыс жасауға неге барып отыр деген сұрақ туындайды. 

Өйткені бізде заң жұмсақ. «Тарап­тар­дың татуласуы» деген желеумен 20158 (40 пайызға жуығы) қылмыстық іс бойынша қудалау тоқтатылған. Бұл – қылмыскер мен зардап шегуші келісіп, істеген қылмысқа жаза қолданылмай қала берді деген сөз. Егер жасаған қылмысқа орай жаза берілмесе – оны тию мүмкін емес. Жоғарыда біз айтқан 50 мыңнан астам адамның жартысына жуығы қайтадан қылмысқа барып отырғандығының негізгі себебі сол.  

Бізбен кездесуге келген сайлаушылар мал ұрлығына қатысты құқық қорғау органдарының іс-әрекеттері мен сот актілерінің пәрменділігі өте төмен дейді. Олардың пікірінше, мұндай жағдай қолданыстағы қылмыстық заңнаманың әлсіздігінен орын алып отыр. Сондықтан, Қылмыстық кодекстің ұрлыққа қатысты 188-ші бабының мал ұрлығына байланысты бөлігін саралап, жазаны күшейту бағытында өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек деп есептейді.

Мал ұрлығын жасағандардың тергеу кезінде бостандықта жүріп, кейбір жағдайларда жәбірленушіні қорқытып, «шапқан пішенің немесе мал қораң өртеніп кетуі мүмкін» деген секілді қоқан-лоққылар көрсетуі шаруалардың басым көпшілігін келісімге баруға мәжбүрлейді. Ауыл тұрғындарының көбі жуас. Заңды жетік білмейтіндігін де жақсы білеміз. Қазіргі қолданыстағы заңмен тайраңдап жүрген ұры-қарыға ешқандай құрық салуға болмайтын секілді көрінеді. Сондықтан, көп жағдайда ұрлап әкеткен малының сатқаннан түскен қаражатын әкеліп берсе де қанағаттанып жатады. Бұл ұры-қарының, қарақшы, қылмыскердің одан әрі тайраңдауына жол береді. Тіпті кейбір адамдарымыз арыз беріп, ауданға келіп, сот процесіне қатысу сияқты машақаттардан да қашып, қылмыскердің бәрібір жазаланбайтынын білген соң қолды бір сілтейтін кездері де болады. Осының бәрі азаматтардың билікке деген сенімін әлсіретеді.

Мал ұрлығы – кәсібін мал шаруа­шы­­лы­­ғымен байланыстырған кәсіпкер­лер үшін де үлкен мәселе. Бұл – мал шаруа­шы­лығын дамыту жөніндегі мемлекет­тік саясаттың толыққанды жүруіне зиян келтіретін қасақана әрекет. Осы тұр­ғыдан алғанда мал ұрлығы қоғамдық қа­уіптілігі жоғары қылмыс деп санаймыз.

Біз осы мәселенің бәрін айтып, Премьер-Министр Бақытжан Сағын­таев­тың атына депутаттық сауал жолдап, тиісті мемлекеттік органдарға мал ұрлы­ғына байланысты қылмыстық заң­на­маны жетілдіру туралы тапсырма беруді ұсындық. Ұры-қарыларға қатаң жаза қолданылса қоғамдағы ахуал да оңалар еді деген үміттеміз.

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ,

Сенат депутаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Станимир Стоилов ұлттық құрамадан кетті

17.01.2019

19 қаңтарда Оралда 14 ойықта суға түседі

17.01.2019

Маңғыстауда «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына қатысты жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді

17.01.2019

Жаңадан ашылған ауданға жастар оралып жатыр

17.01.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында сержанттар кеңесі өтті

17.01.2019

113 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты - Қ.Өскенбаев 

17.01.2019

Шымбұлақта фристайлдан әлем кубогі өтеді

17.01.2019

Атырау облысында екпе алмаған балалар қызылшаға шалдығып жатыр

17.01.2019

Алматыдағы Баум тоғайы түрлене түспек

17.01.2019

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Сербиядағы турнирді сәтті бастады

17.01.2019

Талдықорғанда «ақылды» аялдама салынып жатыр

17.01.2019

Қазақстандық теннисшілер жұбы екінші кезеңге шықты

17.01.2019

Галышева мен Рейхерд АҚШ-тағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

17.01.2019

Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасы әлемдік сынның финалына өтті

17.01.2019

Батыс Қазақстан ТЖД 17 күнде 43 SMS-хабарлама таратты

17.01.2019

 Қостанайда 867 үкіметтік емес ұйымның 586-ы жұмыс істейді

17.01.2019

ТҮҚЖБ-ның әр төртінші заемы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілген

17.01.2019

Батыс Қазақстанда 256 мемлекеттік қызметкердің орны бос тұр

17.01.2019

Алматылық тұрғындар жертөледен танк тауып алды

17.01.2019

Отбасылық клуб ажырасудың алдын алады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу