Президент Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдау аясында қойылған міндеттердің іске асырылу барысы жөнінде мәлімделді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
26.02.2018 8170

Елбасы инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ бұл үрдіске «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылардың креативті әлеуетін пайдалану қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесіне тоқталып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты.

– Халқымыз үшін латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні зор. Сонымен бірге, қазақ тілінің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Парламент пен Үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ, бұл мәселе бойынша азаматтардың құқығын шектеуге болмайды. Олар үшін ілеспе аударма жасау мүмкіндігін қарастырған жөн, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы латын қарпіне кезең-кезеңмен көшудің маңыздылығын айтып, қазақ тілін үйрету әдістемелерін жетілдіру мәселелерін жан-жақты зерттеуді тапсырды.

Бұдан бөлек, Елбасы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттігін арттыру мәселелеріне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің телеарналарындағы сериялық өнімдердің сапасын арттыру қажеттігіне тоқталып, масс-медиа жастарға патриоттық тәрбие беру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу барысында Дәурен Абаев Қазақстан Президентіне «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жоспары туралы баяндап, оның басым бағыттарын түсіндіруге байланысты шаралар жөнінде мәлімет берді.

– Біз «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырудамыз. Жалпы, бағдарлама аясында 120 бірлескен іс-шара көзделген, оның жиырмасы биыл орындалатын болады, – деді Ақпарат және коммуникациялар министрі.

Сондай-ақ, Д.Абаев Нұрсұлтан Назарбаевқа «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені инфрақұрылымының базасында құрылған «Astana Hub» халықаралық технопаркі жұмысының басталғанын мәлімдеді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.06.2018

Ұлттық бірыңғай тестілеудің Қазақстан бойынша орта көрсеткіші - 83 балл

23.06.2018

Серік Түсіповтың отбасы әрдайым назарымызда - семейлік құқық қорғаушылар

23.06.2018

Семейде үйін су шайып кеткен отбасылар баспаналы болды

23.06.2018

Ақтөбеде тұңғыш рет пантеон орталығы бой көтерді

23.06.2018

Семейде қала әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

23.06.2018

Бүгін - Мемлекеттік қызметші күні

23.06.2018

Қызылжарда Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш орнатылды

23.06.2018

Семейде суға кеткен Бобровка тұрғындарының үйлері жөнделіп жатыр

23.06.2018

Дипломаттар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады

22.06.2018

«Нұр Отан» Маңғыстау облыстық филиалы мемлекеттік және полиция қызметкерлерін марапаттады

22.06.2018

Қазақстан мен Ресейдің парламентаралық ынтымақтастығы нығая түспек

22.06.2018

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы 2020 жылы Азия чемпионатын өткізуге ниет білдіргенін растады

22.06.2018

Маңғыстау облысында «Нұрлы жер» және «Қолжетімді баспана» бойынша отырыс өтті

22.06.2018

Астанада медиабілімнің даму мәселелері талқыланды 

22.06.2018

Солтүстік Қазақстанда бұршақ жаууы мүмкін

22.06.2018

Астана қаласы маңындағы орман көлемі 100 мың га дейін кеңейтіледі

22.06.2018

«Ақтау Теңіз Порты» АЭА мен DP World инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ

22.06.2018

Қызылорда облысында «Жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

22.06.2018

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Польшадағы Елшісінің брифингі өтті

22.06.2018

Кіші Аралда желкенді кемелер жүзе бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Бас ауырып, балтыр сыздағанда...

Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Самат (28.02.2018 00:37:52)

Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық мақсаты деп білемін. Билік басында отырған депутаттар мен министрлерді қазақ тілін сөйлеттіру басты мақсат. Тіл білмейтіндер биліктен кетсін, жастарға орындарын босатсын. Тіл білмейтіндер елге қызмет ете алмайды

Пікір қосу