Қазақстан • 28 Ақпан, 2018

Зейнет жасындағы ұстаз көп

641 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Бүгінде кәсіби шеберлігі жоғары ардагерлердің эстафетасын лайықты түрде жалғастыратын ізбасарлардың қатары селдіреп бара жатқаны алаңдатады.

Зейнет жасындағы ұстаз көп

«Қазіргі әлемде жай ғана жап­пай сауатты болу жет­кі­лік­­сіз». Халыққа арнаған Жол­дау­ларының бірінде Елбасы осы­лай деп атап көрсеткен б­о­латын. Сәт сайын теңдессіз жа­ңа­лық­тар еніп, озық технология­лар толассыз қолданылып жат­­­қан бүгінгідей жаһандану ке­­з­е­ңінде заманауи білім бе­­ру жүйе­сін халықаралық стан­да­рт­тармен үйлестіру, пе­да­гог кадрларының кәсіби ше­берлігін үздіксіз жетілдіру ар­қылы жеткіншек ұрпақты сы­ни ойлауға бағыттаудың, фун­кциялық сауаттылығын арт­тырудың, дербес тұлға ре­тін­де қалыптастырудың қан­шалықты маңызды екені айт­паса да түсінікті. Бір сөзбен айтқанда, мұғалімдер қауы­мы алдында тек білім беру қызметімен шектеліп қалмай, тап­таурын әдістер мен ескі көз­қарастардан арылып, инно­вациялық жобаларға ба­ғыт­­тал­ған машықтарды терең иге­­ру, кеңінен қолдану секілді ір­гелі міндеттер тұр. Адами ка­пи­тал жаңғыруының негізін бі­лім сапасы құрайтыны, бұл саладағы бағдарламалардың басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға қойылатын талаптар биылғы Жолдауда да анық айтылды. Бұл тұрғыда ой сабақтайтын бол­сақ, өңірде үлгі етерлік іс-тә­жірибелер аз емес. Облыс бюд­жетінің төрттен бірі осы са­лаға бағытталады. Биыл оның мөлшері 46,3 миллиар­д тең­гені құрады. 3-6 жас ар­алы­­ғындағы бүлдіршіндер ба­­ла­бақшалармен толық қам­­тылды. Мемлекет-жеке­мен­шік әріптестігі аясында кәсіптік даярлық және сервис колледжінде мүмкіндігі шек­теулі балалар мамандық ала­ды. 52 мектепке «Робот-тех­ни­ка» элективті оқыту курсы енгізілді. Алдағы уақытта оның саны үш есеге дейін кө­­бейеді. Жаңартылған бағд­ар­лама бойынша 8 мыңнан ас­там ұстаз даярлық курстары­нан өтті. Оқулықтар сатып алу­ға 466 миллион теңге қа­рас­тырылды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шең­берінде «IT-лицей», «smart-балабақша», smart-мек­теп» жобалары жұмыс іст­ей­­ді. Петропавл қаласында ме­к­тептердің үш ауысымда оқы­ты­луын еңсеру үшін 1500 орын­ды екі білім үйін салу жос­парланған. 16 мектепке күр­делі жөндеу жүргізілмек. 365 кабинет мультимедиялық қон­­дырғылармен жаб­дық­тал­мақ.

Десек те, білім саласында өзіндік қиындықтарға қо­са жедел шешімін табатын жайт­тар да жетіп-артыла­ды. Со­лар­дың кейбіріне тоқтала кетсек, жұмыс істеп тұрған білім ошақ­тарының 400-і ша­ғын ком­плектілі санатқа жа­та­ды. Рес­публика бойын­ша жы­лы­на бір оқушыға 400 мың те­ң­ге жұмсалса, өңірде 262 мың теңгеге көп. 187 білім үйі нормативтік талаптарға мүл­дем сай келмейді. Мектеп жоқт­ығынан 216 елді мекеннің ба­ла­лары кеңшар, аудан орта­лық­та­рына қатынап оқуға мәжбүр. Соң­ғы 4 жылда Есіл ауданында 11 мектептің мәртебесі тө­мен­детілді. Айыртау, М. Жұ­ма­баев, Жамбыл, Тайынша ау­дан­дарында да осындай жағд­­ай қалыптасқан. Білім бас­қармасының өкілдері бұл мә­селеде бірқатар обьек­тивті себептердің орын алып отырғанын алға тартады. Келіселік. Ал дипломды ма­ман­­дардың тапшылығына, мұ­ғалімдердің «қартайып» ба­ра жатқанына қандай дәлел кел­ті­реді? 70533 оқушыға тәлім-тәр­бие берумен айналысатын 10626 мұғалімнің 506-ы зейнет жасынан әлдеқашан асып кет­кендеріне қарамастан әлі ең­бек етіп жүр. Жағдай осылай жалғаса берсе, олардың ор­нын алмастыратын лайықты із­басарлар әзірлеудің ауылы алыстай беретіні анық. Білікті мамандар дайындауға 12 мыңнан астам студенті бар кә­сіптік-техникалық колле­дж­дердің әлеуеті толық жете тұ­ра, толық пайдаланылмай келе жатқаны неліктен? Зерт­теу көрсеткендей, жыл сай­ын жарты мыңға жуық тү­лек мұғалім мамандығын алып шыққанымен ауылдарға ат басын бұра бермейді. Өйт­ке­ні олар мұғалімге қа­лып­ты әлеуметтік жағ­дай­лар­дың жасалмайтынын, жа­ла­­қысының аздығын жақ­сы білетіндіктен көбіне қа­ла тө­ңі­регін жағалайды. Осы­ның салдарынан араларында басқа кәсіпке ауысып жат­қандары да баршылық. «Серпін» бағ­дар­ламасы бойын­ша оң­түс­тік өңірлерден оқуға кел­­ген жастардың есебінен елді ме­кендердегі кадр мұқ­таж­ды­ғы шешіледі деген үміт әзір­­ше ақталмаған сыңайлы. Мә­селен, Ақжар ауданында колледжді тәмамдаған ал­ғаш­қы толқынның бірде-бір өкілі өңірде қалып, жұ­мыс істеуді қош көрмеген. Оның бір ұшығы жоғарыда айт­қа­нымыздай, тұрақты жұмысқа орналастырудың ти­імді тетіктерінің қарас­ты­рылмауына келіп тіреледі. Сон­дықтан серпіндіктердің әлеу­меттік жағынан қорғалуы «Жұ­мыс­пен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына енгізіп, тиісті орындарға міндеттелуі тиіс. Бүгінде колледждерде – 325, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де 860 серпіндік жастар оқиды. Олардың жергілікті жер­лерде қалып, жұмысқа ор­наласуы қатаң бақылауға алын­баса, алдыңғылардың жо­лын қууы әбден ықтимал. Де­мек, биыл педагогтар қатары 127 серпіндікпен, 192 колле­дж тү­легімен толығады деп ала­қай­лауға әлі ерте. Бұған мектеп бітірушілердің үштен біріне жуығы білім іздеп Ресей асып кететінін, қайта оралмайтынын қоссақ, әсіресе шекаралас аймақтардағы ахуал шиеленісті күйде қалып отырғаны алаң­да­­тады. Мемлекеттік ем­ти­хан­­ға қатысушылардың са­ны да қысқарып келеді. Мектеп бас­­шыларының орыс тілі, ма­темати­ка, ағылшын тілі пән­деріне квота мен грант аз бө­лінеді деген пікірлерімен келіспеске болмайды. Бүгінде облыс бойынша 63 орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қажет болса, сұраныстың үштен бірі ғана қанағаттандырылған. 24 физик, 72 математик тапшы. Осы олқылықтарды ескере отырып, облыс әкімінің жергілікті бюджет есебінен 75 грант тағайындауы өте құп­тар­лық. Өңірдегі бірден-бір жо­ғары оқу орны М.Қозыбаев атын­дағы Солтүстік Қазақстан мем­лекеттік университетіне жүк­те­летін жауапкершілік жүгінің сал­мақты екенін баса айтқымыз ке­леді. Мұнда 5,5 мың студе­нт білім алса, жартысына жуығы – болашақ ұстаздар. Уни­верситет ректоры Серік Өмір­баевтың сендіруінше, жа­­ңа педагогикалық маман­дық­­тар оқытылып, квота жет­кілікті мөлшерде бөлін­бек­­ші. Келешекте ауыл шаруа­шы­­лығы, фармация, жалпы ме­ди­­цина кадр-
ларын дайындау мін­деті тұр.

57 мектепте факультативтік үйір­мелер негізінде жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытудың қанатқақты жобасы қолға алынды, 544 мұғалім ағыл­шын тілін үйрену курс­та­р­ын бітіріп, 207-і В1, В2 дең­гейін меңгерді деген ақ­па­раттар дүдәмал ойларға же­телейді. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындылары бойынша облыстың 6-шы орыннан 15-ші орынға төмендеуі біраз жайтты аңғартса керек. Білім ошақтарын кең жолақты интернетпен қамту, робот-техника үйірмелерін ашу, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүйелі жүргізу, мүмкіндігі шектеулі балалардың үзіліссіз оқуын қамтамасыз ету үшін инклюзивті білім беру мекемелерін құру, мектептерде онлайн-режімде оқыту мүмкіндіктерін қарастыру бағыттарында да атқарылатын іс-шаралар аз емес.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

 Солтүстік Қазақстан облысы