Ел асыға күтер ерекше мейрам

Қазақстанда халықтың болашаққа деген сенімін арттыруда, ел бірлігін нығайта түсуде, барлық табыстарымыз бен игіліктерімізге қоғамдық келісім мен татулықтың арқасында қол жеткізіп отырғанымызды жұртшылықтың жадында жаңғыртуда жалпыхалықтық мерекелеріміздің орны бөлек. Бұл мейрамдардың арасында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылдың 14 қаңтарындағы Жарлығымен бекітілген, барша қазақ­стан­дықтар осымен үшінші рет атап өткелі отырған, аз ғана уақыт­тың ішінде халықтың қолдауына ие болып, бұрыннан тойланып келе жатқан айтулы мейрамдармен терезе теңестіре білген,1 нау­рызға белгіленген Алғыс айту күні мерекесі де бар.

Егемен Қазақстан
01.03.2018 1441

Сәл шегіне сөйлесек, қа­зақ­стандықтар Алғыс айту күнін алғаш рет 2016 жылы тойлады. Ел-жұртымыздың көңілінен шығып, жылы қабылданған бұл мереке сол сәттен бастап өз арнасын тауып, жалпыхалықтық сипатқа ие болып шыға келді. Бұл мерекенің негізгі мазмұны «Мəңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру мен қазақстандық біртектілік пен бірлікті дамытудың мін­дет­терімен толық сәйкес келеді. Осы орайда, бұл атаулы күнді мере­келеудегі көзделетін ең бас­ты мәселелерді ашып көрсеткеніміз жөн. Өйткені халық Алғыс айту күні мейрамының ішкі мә­нін тереңнен ұғына түскені ма­ңызды.

Жалпы, Алғыс айту күнін атап өту­дің негізгі мәні тағдырдың талайы­мен Қазақстанға қоныс аударылған түр­лі этнос өкілдеріне қазақ жері мен меймандос қазақ халқына тағ­зым етіп, алғыстарын білдіруге кең ау­қымда, мемлекеттік сипатта мүмкіндік берілуімен тікелей байланысты. Бұл өз кезегінде ел бірлігіне ұйытқы болар ішкі үндестіктің, өзара сенімділік пен өзара сый-құрметтің орнығуына зор ықпалын тигізеді. Қазақ халқының ке­зінде олардың басына түскен тау­қыметті бірлесе көтере білгені қазіргі таңда ел ішіндегі адамгершілік қарым-қатынастардың дамуына оң әсер етіп отыр. Осы арада еліміздегі этностардың қазақ халқына деген құрметі де жыл сайын артып келе жатқанын айта кетуіміз керек.

Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілік пен келісімді нығайту бағытындағы сындарлы саясатының терең мазмұнын аша түсетін Алғыс айту күнін ел дамуына атсалы­сып келе жатқан барша қазақ­стан­дық­тардың бір-біріне құрмет білдіруінің, қайырымдылық іс­терге, əлеуметтік ынтымақ пен өзара көмекке қол­дау көрсетудің күні ретінде де қарас­тырамыз. Сондай-ақ бұл мерекеде қазақ­стандық патриотизмнің, татулы­­ғымыздың, мəдени саналуан­ды­ғы­мыздың жарасым тапқанын да атап көрсету көзделген. Бұған қоса, хал­қымызды ұйыстыруға бағытталған «Мəңгілік ел» жал­пыұлттық патриоттық идея­сының, қазақстандық бірегей­ліктің негізгі арқауы саналатын бір шаңырақ астына топтасу мақсатын жүзеге асырудың маңыздылығы да осы мереке барысында айқындала түседі. Осы орайда Астанада 2016 жылы 1 наурызда Алғыс айту күнін атап өтуге арналған алғашқы салтанатты жиында айтқан Мемлекет басшысының: «Алғыс айту күні – енді ұлттық күнтізбедегі Еңбек күні, Отбасы күні сияқты өзге де мерекелердің қатарындағы жаңа дата. Мен бұл мереке қазіргі уақытта аса қажет біздің қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түсетініне сенімдімін», – деген сөзі еске түседі.

Жалпы, Алғыс айту күнін атап өту барысында қазақтың кеңпейілдігі, қонақжайлылығы, мейірімділігі, мырзалығы жұртшылықтың жадында қайта жаңғырып, ұлтымыздың ұлағатты жолы, адами құндылықтары жарқырай көрінеді. Мұны барша қазақстандықтардың мерейлі сәті деп сипаттасақ та артық болмас. Әсіресе, бұл мерекеде тағдырдың тәлкегімен кезінде елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдеріне қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы, оларды өзі жетісіп отырмаса да төріне шығарып, бір үзім нанын бөліп бергені, ұлтымыз тарапынан көрсетілген мейірімділіктің жарқын үлгісі қоғам санасында әсерлі жаңғырады.

Бұл орайда Елбасы саяси қуғын-сүргін жылдарының куәгерлері мен олардың ұрпақ­тары қазақтардан көрген қамқорлығын әркез ыстық ықыласпен еске алатынын өз сөзіне үнемі арқау етіп жүретіні бар. Мәселен Алғыс айту күні мерекесінің Астанада өткен алғаш­қы алқалы жиынында Мемлекет басшысы: «Олар кезінде өздеріне де оңай болмағанына қарамастан, қазақтардың қайырымдылығы үшін, сол кездегі тыйымдарға қарамастан, батыл әрі риясыз көмегі үшін алғыс айтады. Қазақтар да бауырластарға туған өлкеге деген сүйіспеншілігі үшін, жеріміздің түрленуіне қосқан үлесі үшін, ұлттық мәдениетке, тілге және дәстүрге деген құрметтері үшін алғыс білдіреді», деген болатын.

Негізінде, Қазақстан көп этносты ел болып ХХ ғасырда қалыптасты. Бұған қатысты тарихи статистикалық деректерді тарата айтар болсақ, Столыпин реформасын жүзеге асыру барысында елімізге Беларусь, Украина және Ресейден 1 миллионнан астам адам қоныс аударған. Бұдан кейін, яғни өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ұжымдастыру кезінде бұрынғы КСРО-ның орталық аймақтарынан дүние-мүлкі тәркіленген 250 мың шаруа жер аударылды. Бұған қоса, осы қарсаңдарда өнеркәсіп нысандарының құрылысы үшін 1,2 миллион адам келді. Сондай-ақ Сталин режімінің ықпалымен 800 мыңға жуық неміс, 102 мыңдай поляк, 500 мыңнан астам Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың корей отбасы Қазақстанға жер аударылған. Қазақ даласына жүк вагондарымен, әскери машиналармен арып-ашып жеткен оларға жергілікті қазақтар барынша көмек қолын созды. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды.

Бұған қосымша, еліміз сталиндік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы жазалау лагерь­леріне қамалған мыңдаған тұтқын­дардан осында қалып қойғандарға, Екінші дүние­жүзі­лік соғыс кезінде Қазақстанға эвакуация­лан­ған 350 мың адамға, 1950 жылдары тың игеруге келген 1,5 миллион жанға, жабық әскери нысандарда өзге өңірлерден келіп еңбек еткен 150 мың маманға құтты мекен бола білді.

Осы арада айрықша айтатын мәселе, елімізге қоныс аударылғандардың еш кінәсі жоқ екенін қазақ халқы терең түсінді. Бұл түсінік қазақтардың елге келген этностарға мейіріммен қарауына үлкен септігін тигізді.

Міне, осы жоғарыда айтылған жағдаяттар­дың барлығы барша қазақстандықтардың санасынан өшпеуі тиіс. Сондықтан татулық пен келісімде өмір сүріп жатқан көп этносты елміздің бірлігі мен ынтымағын, тұрақты­лығы мен орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы шараларды қолға алғанда Қазақстанның көп этносты мемлекет болып қалыптасу тарихы, Елбасы айтқан «Этностық алуандылық – біздің елдің әлсіз тұсы емес, оның байлығы», деген ұлағатты сөз басты назарда болғаны абзал.

Қорыта айтқанда, Алғыс айту күні халық достығын, ынтымағын нығайтып, ел мүддесін ортақ бір арнада тоғыстыратын жаңа сипатты мереке. Оның өзегінде өзара құрмет пен сенімді ту еткен отандастарымызды бірік­тіруші күш, ізгілікке шақырар мейірім бар. Мереке құтты болсын, ағайын!

 

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.06.2018

Парламентте балалар денсаулығына қатысты заң жобасы қаралды

19.06.2018

ОҚО-ның әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшіріледі

19.06.2018

Елімізде газ нарығында үлкен өзгерістер болады

19.06.2018

Энергетика министрі халық алдында есеп берді

19.06.2018

Асхат Аймағамбетов: «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің 98,4%-ы білімдерін растады

19.06.2018

Ақсуда Қымызмұрындық мерекесі өтті

19.06.2018

Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойды

19.06.2018

Қ. Тоқаев сарапшылар алдына жаңа міндеттер қойды

19.06.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

19.06.2018

Павлодарда казактар мәдениеті мен өнері күні өтті

19.06.2018

Гүлшара Әбдіқалықова «Ұлы Дала» гуманитарлық ғылымдар форумына қатысты

19.06.2018

Головкинге The Ring журналының белбеуі табысталды

19.06.2018

Чемпиондар лигасы. «Астананың» іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды

19.06.2018

Астанада Дүниежүзілік тау-кен конгресі өтіп жатыр

19.06.2018

Сенаторлар валюталық реттеу туралы заң жобаларын талқылады

19.06.2018

«Жетісу көктемі» атты республикалық форум: жас қаламгерлер не дейді?

19.06.2018

СҚО-ның Бостандық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына арнап ескерткіш-тақта орнатылды

19.06.2018

Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады

19.06.2018

Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді

19.06.2018

Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу