Қазақстан • 01 Наурыз, 2018

Жетістігіміз – жеті медаль

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан астанасы Бішкек қала­сын­да өтіп жат­қан күрес түрлері­нен Азия чемпионатында жер­лес­тері­міз табысты өнер көрсетуде. Құрлықтық жарыста грек-рим күресінен балуандарымыз 2 алтын,1 күміс және 4 қола медаль иеленді.

Жетістігіміз – жеті медаль

67 килоға дейінгі салмақта белдескен Алмат Кебіспаев финалдық айқаста жапондық Сушику Ши­моя­мадуға қарсы екі нәтижелі әдіс жасап, жеңіске жетті. Бұл Кебіс­паевтың Азия чемпионаттарынан алған екінші алтын медалі. 2011 жылы Азияның үздігі атанған ол, 2009, 2017 жылдары финалға дейін жеткен болатын.

Ал Асхат Ділмұхамедов (82 кг) фи­налда жергілікті балуан Ата­бек Әзизбековпен белдесіп, ен­шілеген төрт ұпаймен құрлық жеңімпазы атанды. Ол бұған дейін 2011 және 2016 жылдары өткен Азия чемпионаттарының қола жүл­дегері болған еді.

72 килода белдескен жер­лесіміз Демеу Жадыраев кілем иесі Ақжол Махмудовқа есе жіберіп, күміс медальді еншіледі.

Сондай-ақ, Қорлан Жаханша (55 кг), Мей­рамбек Айнағұлов (63 кг), Мақ­сат Ережепов (75 кг) жә­не Ерлан Ысқақов (97 кг) чемпио­нат­тың қола жүлдесін қанағат тұтты.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»