Медицина • 02 Наурыз, 2018

Астанада Қоғамдық бақылау картасының жобасы таныстырылды.

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Қоғамдық бақылау картасының жобасы таныстырылды. Бұл бастаманы ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жариялаған.

Астанада Қоғамдық бақылау картасының жобасы таныстырылды.

Жобаның тұсаукесеріне Арнайы мониторингтеу тобының мүшелері Айгүл Соловьева, Ғалым Байтоқ, Талғат Нәрікбаев және агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Мүксімов қатысты.

Агенттік өкілінің айтуынша, бюджет қаражатын бөлу және дамыту бойынша мемлекеттік органдар орналастыратын ақпарат тізбесін кеңейтуге шаралар қабылдануда. Сонымен қатар деректер азаматтар үшін ең қолжетімді және түсінікті түрде ұсынылған. «Qamqor» қосымшасы арқасында хабарламалар автоматты түрде уәкілетті органға жіберіледі.

Құрылыстың барысын бақылап отыру және азаматтардан хабарларды қабылдау мүмкіндігі үшін Арнайы мониторинг тобының желісі айтарлықтай кеңейген. Осылайша, жақында қалалық және аудандық деңгейлерде мониторинг топтарының желісі құрылды. Аудандар мен ауылдық округтердің тұрғындары әлеуметтік нысандардың, автомобиль жолдарының және басқа да тікелей аймақтық топтар арқылы құрылыс жұмыстарының барысын бақылай алады. Бұл өзара қарым-қатынас схемасы бюджеттен бөлінген әрбір тиынға қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Сондай-ақ агенттіктің қыз­мет­керлері қолданыстағы заңна­маға сәйкес расталған сыбайлас жем­қорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтар 30-дан 100 АЕК сомасында ынталандырылатынын еске салды.

Арнайы мониторингтеу то­бының мүшесі – Қазақ мемле­кеттік заң уни­верситетінің ректоры Талғат Нә­рік­баев университет пен агенттік бір­лесіп азаматтарға автоматты түрде мем­лекеттік органдармен өзара іс-қи­мыл мәселелері бойынша тегін кеңес беретін арнайы «ЮрСоветник» телеграмм-бот бағдарламасы әзір­лен­генін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар