Бизнес • 02 Наурыз, 2018

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының талаптары өзгерді

2675 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіп­кер­лікті д­амытудың 2017-2021 жылдарға арнал­ған бағдар­ла­ма­сының талаптары өзгерді. Бұл туралы бүгін «Даму» кәсіп­керлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеме таратты. 

Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының талаптары өзгерді

Бұл бағдарлама халықтың өнімді іспен айналысып, табысын арттыруға жағдай туғызу мақ­сатында жүзеге асырыла бас­­таған-ды. Аталмыш бағдар­ла­ма­ бағыттарының бірі – микро және шағын бизнеске несие беру. Осы мақсатта ісін жаңа бастаған және бизнесі бар кәсіпкерлерді, жұмыссыздар мен кәсіпкер­лік­­ке бейі­мі бар өзін-өзі жұмыс­пен қам­ту­­шы­ларды қаржыландыру көз­делген. 

Бағдарламаның жаңа ре­дак­циясында ісін жаңа баста­ғ­ан және бизнесі бар кәсіп­керлер жинайтын құжаттар қа­тарына өзгеріс енді. Бұған дейін несие немесе микроне­сие алу үшін ісін жаңа бас­та­ған кәсіпкер «Ең­бек нары­ғы» автоматтандырыл­ған ақпараттық жүйесінің тек­­серуінен өтіп, Халықты ж­ұ­­мыс­пен қамту орталығынан жол­дама алып, ол құжатты бизнес-жоспарымен бірге өт­кізу керек еді. Жаңа өзге­ріс­тер бо­йынша, бизнесі бар кә­сіп­керлер үшін бұл жолдама­ның қажеті жоқ. Ал ісін жаңа бас­таған кәсіпкерлер үшін құжат­ты күту мерзімі нақ­тыла­нып, 2 жұмыс күнін құра­ды.

Бағдарлама талаптары бо­йынша бұған дейін бұл жол­да­маның дайын болу мерзімі бел­­гісіз болып, өз ісін ашпақ бол­ған жандар қаржыны ұзақ күтетін.
Тұрғын-жай алуға, салуға және жер телімдерін сатып алуға микро­несие беруге тыйым салатын талап та өзгерді. Ен­ді бағдар­ла­ма­ға енген түзе­тудің арқасында кәсіп­­керлер не­сие қаражатына тұр­­ғын-жай сатып алып, 12 ай ішін­­де мақсатына сәйкес қайта ресім­дей алады. 

Сондай-ақ бағдарламаға бұ­ған дейін ұсақ бизнес ашқан немесе оны кеңейтуге микроне­сие алған кәсіпкерлерге қа­тысты қосым­ша талаптар да енгізілді. Енді кә­сіп­­кер­лер жер­гілікті атқарушы ор­ган­­дар қа­ражатынан жол, кәріз жүйе­­лері, жылу, су, газбен қам­­та­­ма­сыз ету, телефон жә­не электр же­лі­лері секілді ин­фра­құ­рылым жү­­йе­лерін жүргізе алады. Мұны­мен қатар екін­ші дең­гейлі банктер мен мик­ро­қар­жы ұйымдарына са­­лын­ған қаражатты игеру мер­зімі де 12 айдан 6 айға дейін қыс­қарды. 

Нәтижелі жұмыспен қам­туды және жаппай кәсіпкер­лікті да­мыту­дың 2017-2021 жылдарға ар­нал­ған бағдар­ла­масына 2018 жы­лы 10 млрд теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр. Бағдар­ла­­­маға жұ­мыс­сыздар, өзін-өзі асы­­­рау­­шылармен қатар ісін жа­ңа бас­таған және бизнесі бар кәсіп­­керлер де қатыса алады. Бір адамға 8000 АЕК көлемін­де қар­­жы жылына 6 пайыздан аспайтын мөлшерлемемен бері­­леді. Сондай-ақ кепілзаты жет­­пеген кәсіпкерлер бағдар­лама аясында «Даму» қоры­ның ке­піл­демесін де ала алады. Ол бойын­ша стартаптарға не­сие сомасының 85 пайызына дейін, басқа жобаларға 50 па­йызға дейін кепілдік беріледі. 

Қазіргі кезде жалпы сомасы 6,6 млрд теңге несие ал­­ған кә­сіп­­керлер саны 593-ке жетті.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ