Аймақтар • 03 Наурыз, 2018

Павлодарда VII Қысқы универсиаданың жалауы көтерілді

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Павлодар қаласының «Астана» мұз сарайында VII қысқы Универсиада ойындарының алауы тұтанды.

Павлодарда VII Қысқы универсиаданың жалауы көтерілді

Бұл жарыстың негізгі мақсаты – еліміздегі студент жастары арасында спортты насихаттау, студенттердің дене тәрбиесі мен денсаулығына әсер ету, отансүйгіштікке тәрбиелеу және ұлттық құрамаға үміткерлерді дайындау.

Ашылу салтанатында Павлодар облысының әкімі Бақауов Болат Жұмабекұлы: «Бұл стадионда еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының мыңдаған өкілдері жиналып отыр. Сіздердің араларыңызда болашақ олимпиадашылар мен әлемдік сайыстардың жеңімпаздары бар. Павлодар облысы қазіргі таңда спорт саласына үлкен қызығушылық танытуда. Болашақта, ақ Олимпиаданың чемпиондары шығады деген сенімім мол», - деді Павлодар облысының әкімі.

Аталмыш шара 1 сағатқа жалғасты. 2500 жанкүйері бар «Астана» мұз сарайының орталығы әдемі көмкеріліп, келген қонақтардың көңілдерінен шықты. Ашылу салтанатында әр оқу орындарының командалары дәстүрлі шерумен бастады.

Павлодар қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасы VII қысқы Универсиадаcында спорттың 11 түрінен 1600-ден аса жуық спортшы бәсекеге түсуде.