03 Наурыз, 2018

VII қысқы универсиаданың алғашқы жеңімпазы анықталды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Павлодар қаласында өтіп жатқан VII қысқы Универсиададан алғашқы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Кереку жерінде жалауын желбіреткен ең тартысты бәсеке – президенттік көпсайыста 101 қатысушы бақ сынады.

VII қысқы универсиаданың алғашқы жеңімпазы анықталды

Жарыстың алғашқы күндерінде президенттік көпсайыста әйелдер арасында жалпы командалық есеп бойынша Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті студенттері жеңістің жоғары тұғырына көтерілсе, екінші орынды Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті иеленді. Жүлделі үшінші орында – Павлодар мемлекеттік университеті. Ал, ерлер арасындағы президенттік көпсайыста Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті алтыннан алқа тақса, күміс жүлдені Қостанай педагогикалық университеті еншіледі. Қола жүлдені Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қанжығасына байлады.

Сонымен қатар қыздар арасында үздіктің үздігі Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Козлова Виктория болса, ерлерден Қостанай мемлекеттік университетінің студенті Макушенко Вячеслав атанды.

Жарысты ұйымдастырушы – ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы.

Марапаттау рәсімін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының орынбасары Садық Аяшев жүргізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Универсиада дипломдарымен, медальмен және кубокпен марапатталды.