Бокс • 04 Наурыз, 2018

Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов мексикалықты нокаутпен жеңді

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов мексикалықты нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (5-0, 4 КО) кәсіпқой спорттағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында (АҚШ) айқаста мексикалық Алехандро Торресаны (9-3-2, 4 КО) жеңді. Алты раундқа есептелген орта салмақтағы жекпе-жек соңғы кезеңде 1:55 уақыт белгісімен аяқталды. Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.