М. Әшімбаев: Халықтың әлеуметтік жағдайы бәрінен маңызды

Елбасының ұсыныстары халқымыздың әлеуметтік жағ­дайын жақсартуға ай­рық­ша зор әсерін тигізеді деп есептеймін.

 

Егемен Қазақстан
06.03.2018 1764
2

Бүкіл әлем бойынша мем­лекеттік әлеуметтік бағдар­ламалар кейінге шегеріліп, үкіметтер бұрынғы міндет­терінен бас тартып жатқан аумалы-төкпелі шақта Мемлекет басшысы осындай батыл бастамаларды қолға алып отыр.

Осылайша Елбасымыз кезекті рет Қа­зақстан үшін халқының әлеуметтік жағдайы әрдайым басым бағыт болып саналатынын іс жүзінде дәлелдеп берді. Тіпті экономикалық жағдайдың еңсе түсірген кезінде де халықтың мүддесі жалпыұлттық күн тәртібіндегі басты мәселе болып қала берді.

Осы ретте жаңа бағдарламаны шын мәнінде бірегей етіп, маңызын арттыра түсетін бірнеше бөлімдерді атап өткім келеді.

Ең алдымен, бұл бастамалардың дер кезінде қолға алынып отырғанына ерекше назар аударған жөн. Мәселен, әлі күнге дейін жүз мыңдаған қазақстандық отбасылар үшін баспана мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Енді жаңа «7 – 20 – 25» бағдарламасы арқылы көптеген отандастарымыз үшін айтарлықтай тиімді ипотекалық займ алуға нақты мүмкіндік тумақ. Бұл бағдарламаны сәтті жүзеге асыра білсек, әлеуметтік ахуал ғана жақсарып қоймай, тұрғын-үй құрылысының дамуына, экономиканың өсуіне, жұмыс орындарының ашылуына және жеке кәсіппен айналысудың жаңа мүмкіндіктеріне де тың серпін беріледі.

Салық жүктемесін тө­мен­дету бастамасы да халыққа әлеуметтік қолдау көрсетудің тиімді тетігі. Мемлекеттің салықты көтермей, керісінше салыстырмалы түрде жалақысы төмен азаматтардың жағдайына түсіністікпен қарауы да үлгі боларлық жайттардың бірі.

Елбасының жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту бастамасы – стратегиялық қадам. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында елімізге жоғары білікті инженерлер мен ақпараттық технология және робот техникасы саласының мамандары қажет. Бұл – адам ресурстарына қосылған үлес және жарқын болашаққа салынған инвестиция.

Шағын несие беруді көбейту де кәсіп­керлікті қолдау мақсатында уақтылы қолға алынған шара. Осы бастаманың арқасында тек қалалық қана емес, сондай-ақ, ауылдық жерлердегі мыңдаған қазақстандықтар өз кәсібін бастауға мүмкіндік алады. Соның нәтижесінде еліміздің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайыздан кем қылмауға бағытталған стратегиялық мақсатымызға тағы бір табан жақындай түсеміз.

«Көгілдір отын» мәселесіне келер болсақ, елді газбен қамтамасыз ету жөніндегі ау­қымды жоба қуатты экономика жағынан айрық­ша мәнге ие. Одан бөлек, қоршаған ортаны қорғау ісіне де бұл бастаманың тағы бір ма­ңызды қыры ретінде қарауға болады. Елбасы атап өткендей, егер Астанаға «көгілдір отын» жеткізілсе, тек елордамыздың өзінде зиян­ды қалдықтардың ауаға таралуы 6 есеге дейін төмендейді. Бұл, әрине, өз кезегінде хал­қы­мыздың денсаулығына игі әсерін тигізеді.

Президенттің барлық бастамасы жан-жақты сарапталып, зерделенгенін және оларды жүзеге асыруға нақты қаржылай негіз бар екенін атап өткен жөн. Соның арқасында қазақстандықтар Елбасы тапсырмаларын жүзеге асырудың нәтижелерін таяу жылдарда сезіне алады.

Мемлекет басшысы бұл маңызды баста­ма­лардың жүзеге асырылуын бақылауды «Нұр Отан» партиясына жүктеді. Осыған орай Елбасы тапсырмасы партия жұмысының алдағы уақыттағы негізгі міндеті болатынын ерекше атап өткім келеді. Бұл бастамалар әлеуметтік мемлекет және ұлттық әл-ауқаттың қазақстандық үлгісін қалыптастыру аясындағы маңызды қадам болып табылады. Сондықтан Президенттің стратегиялық бастамаларының орындалуына сапалы бақылауды қамтамасыз ету үшін барлық күшімізді жұмылдырамыз.

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

13.12.2018

Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу жоспарлануда   

13.12.2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

13.12.2018

Елбасы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

13.12.2018

Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

13.12.2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

13.12.2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

13.12.2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

13.12.2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

13.12.2018

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды

13.12.2018

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

13.12.2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

13.12.2018

Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді

13.12.2018

Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13.12.2018

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді

13.12.2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

13.12.2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

13.12.2018

Левандовски мергендер көшін бастады

13.12.2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу