А.Хамедов: Халық үшін жасалған маңызды бастама

Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуін үлкен қызығушылықпен тыңдадық. 

 

Егемен Қазақстан
06.03.2018 2766

Мемлекет басшысы өз сөзінің кіріспесінде наурыздың ерекше ай екеніне тоқталды. Таяуда, 1 наурызда Алғыс айту күнін тойладық. Сондай-ақ бұл күн Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Бұл күн әлеуетті және жауапты тұл­ға­ла­ры бар, тарихын білетін және онымен мақ­танатын бірыңғай ұлт екенімізді көрсе­теді.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрақтылықтың, жаңғырудың және даму­дың ұйытқысы болуда. Сенім, дәс­түр, транспаренттілік, толеранттылық – Елбасының өлшеусіз еңбегінің арқа­сында дамыған мемлекетке айналуы­мыз­дың негізі болды. Тәуелсіз Қазақстанда бар­ша этностар бірыңғай ұлт ретінде еркін өмір сүреді.

Елбасы айтқандай, «Қазақстан – ортақ үйіміз» идеясы жаңаша мағынаға ие болуы тиіс. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан игі істердің бәрі Қазақстан халқына арналады. Сондықтан Н.Назарбаев Парламентте жаңа әлеуметтік бастамаларын таныстырды. Бұл – әлеуметтік жаңғыруға арналған ауқымды бастама.

Президент Үндеуінде қазақ­стан­дық­тарды толғандыратын маңызды мәсе­лелер айтылды. Олар: тұрғын үй алу, са­лық­ты азайту, жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігі, шағын несиелеу және елді газдандыру.

Үндеуде айтылған тұрғын үйге қатысты жаңа мүмкіндіктерді бюджеттік салада жұмыс істейтін және орта табысы бар қазақстандықтар жылы қабылдады. «7 – 20 – 25» бағдарламасы аясында әрбір қазақстандыққа тиімді ипотекалық займ алуға мүмкіндік туады.

Елбасы Үндеуінде айтылған тағы бір маңызды мәселе – төмен жалақы алатын жұмысшыларға салынатын салық дең­гейін түсіру. Осының арқасында жұмыс берушілерді міндеттеместен, екі мил­лион­ға жуық қазақстандықтың жалақысы көбейеді.

Келесі маңызды қадам – жоғары білім сапасы мен оның қолжетімділігіне жасалған тағы бір қадам. Бұл қазақстандық жастарды қызықтырады әрі үміт сыйлайды. Бұл бастама Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында қажет болатын мыңдаған жаңа мамандарды әзірлеп шығуға мүмкіндік береді.

Өзін өзі жұмыспен қамтыған халыққа жаңа жұмыс ашуға мүмкіндік беретін шағын несиелеудің көлемін былтырғыдан көбейту де дәл уақытында жасалған шешім болды. Өз кәсібін бастаған адамдардың саны ұлғаяды, өйткені жұмыс бастау үшін қаржы керек екені белгілі.

Жыл сайын Қазақстанда газ өндіру көлемі ұлғайып келеді. Бүкіл облыс­тарды газбен қамтамасыз ету тұрғын­дар­дың өмір сүру қабілетін арттырып, экологиялық жағдайға оң әсерін тигізетіні анық.

Халықаралық аренада көптеген елдер Қазақстанды тұрақты мемлекет ретінде таниды. Бұл – Елбасы Н.Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі. Осы орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының бүкіл бастамаларын қолдап, Тәуелсіз Қазақстанды өркендету мен нығайтуға үлесін қоса береді.

 

Абилфас ХАМЕДОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2018

«Индустриялық даму» бағыты бойынша сараптама комиссиясының отырысы өтті

18.06.2018

Маңғыстау облыстық филармониясында дәстүрлі ән-күй кеші өтті

18.06.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздік сержанттар анықталды

18.06.2018

Павлодарда «Победа» ЖШС-де дуальды білім беру орталығы ашылды

18.06.2018

Пойыздардың соқтығысуы туралы ақпарат жалған - Жеңіс Қасымбек

18.06.2018

Қыздар Университетінде әлемдік ұйымның өкілдігі ашылады

18.06.2018

Рим қаласында қазақ фильмдері көрсетілді

18.06.2018

Павлодар облысында 200 кәсіпкерге 2,7 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілген

18.06.2018

«Қазақфильм» мен «Беларусьфильм» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

18.06.2018

Алматыда түлектер фестивалі өтті

18.06.2018

Қалдыбек Сәбденұлының «Қазақтың қасиеті мен киесі» атты еңбегінің тұсауы кесілді

18.06.2018

2019 жылдың күзіне дейін 5 000 орындық студенттік жатақхананы пайдалануға беру көзделген — Б. Асылова

18.06.2018

Б. Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен ХҚК-ның вице-президенттерімен кездесу өткізді

18.06.2018

Түрколог ғалымдарға TWESCO алтын медалі табысталды

18.06.2018

Биыл ҰБТ сұрақтарының базасы 50 пайызға жаңарды - Рамазан Әлімқұлов

18.06.2018

Қызылордада «жасыл» технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды

18.06.2018

«Алтаистика, Түркология, Моңғолистика Ассоциациясын» құру туралы шешімге қол қойылды

18.06.2018

Оралда республикалық өлкетанушылар форумы басталды

18.06.2018

Солтүстік Қазақстан облысында  аудан әкімі тағайындалды

18.06.2018

Солтүстік Қазақстанда жұқпалы ішек аурулары инфекциясы өршіп тұр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Minecraft»: еңбекке жетелей ме, еліктіре ме?

Бүгінде балаларды еліктіріп, баурап алатын қызықтардың саны жеткілікті. Барлығы жеткіншектің ой-өрісінің дамуына, физикалық тұрғыда шыңдалуына, жан-жақты болып өсуіне ықпал ете ме, жоқ әлде зиянды тұстары молырақ па?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Педагогикалық басылымдарға қолдау қажет

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің баспасөз саласы да нарықтық қатынас­тар­ға біртіндеп ене бастады. Бүгінде оны қаптаған ақпарат құралдарынан көріп отырмыз. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу