Т.Әбдікәкімұлы: Тұрмыс оңалмай, тірлік оңалмайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін бастан-аяқ зейін сала тыңдадым. 

Егемен Қазақстан
06.03.2018 2826

Өз басым оны Үндеу деп емес, ел рухы мен тұрмысының қажыр-қайратын арттырудағы һәм экологияны гүлдендірудегі ширек ғасырдан астам уақыт бойы ұдайы, үзіліссіз-үздіксіз атқарылып келе жатқан мемлекеттік жаңғырудың Елбасы түзген саяси-әлеуметтік һәм экономикалық сатылы бағдарламаларының заңды жалғасы екендігін ұқтым. Көрегенділік пен іскерлік, салиқалы-сабырлы басшылық қабілет нәтижесінде сомдалған сондай сатылы бағдарламалардың арқасында біз әлемдегі аса қуатты елдердің соңғы екі-үш ғасырдай уақыт бойы жүріп өткен жолдарын барынша қысқа уақытта, біліктілік пен бірлікте абыроймен өтіп те үлгердік. Алда жаңа мақсаттар мен оларға жету жолдарындағы экономикалық, технологиялық, тағы басқа сандаған жағдаяттардың орасан алгоритмін шапшаң меңгеріп, жүзеге асыру міндеттері тұр.

Қош, Отан деген жай бір көркем атау емес, ол – баршамыздың ешқандай сау­да мен дилеммаға салынбайтын киелі туған жеріміз, бабаларымыздан қалған байтақ атамекеніміз. Ал қалың қазақ үшін Атамекен-Отан ең әуелі «Өз үйім – өлең-төсегім» қағидасы бойынша қастер тұтылады. Әр отбасының өз үйі – «өлең-төсегі». Президентіміздің бұл жолғы тактикалық бағдарламасындағы «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бастамасы – бабаларымыздың сол, «Өз үйім – өлең-төсегім» даналығына сай атқарылар қарекеттің ғылыми негіздері. Аталмыш бастамадағы «7 – 20 – 25» бағ­дарламасы» – сол алапат шаруаның абыроймен атқарылуына арналған әмбебап механизм.

«Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту». Бұл ретте «жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып,
1 процент қана салық салу» көзделінуде. Соның нәтижесінде «еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің ( бұл 2 миллионнан астам адам) жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады». Ол да нақты дүние.

Сөз жоқ, ғылым мен техникалық, коммуникациялық киберүдеріс көз ілеспес шапшаңдықпен дамып бара жатқан қазіргі заманда отыз озық елдің соңында салпақтамай, қапталдаса ілгерілеу үшін білім мен ғылым саласында әлемдік стандарттарға сай өнегелі-өрісті реформалар іске асуда. Әрине оларды сын қырына алып, тезге саларлық тұстары да жоқ емес. Үміт пен сенім – «көштің жүре түзелетінінде». Десек те ол салада кезек күттірмейтін аса маңызды жағдаяттардың бірі – оқу орындарының жатақханалары мен  грант мәселелері. «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасы» – дәл сол проб­лемалар шешімдерінің қысқа мерзімде оңтайлы іске асуын қамтамасыз етуге  бағытталған құнды тұжырымдардан тұрады. Ол бойынша, «жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша, 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу (оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бо­йынша бакалаврлық білім беруге тиесілі) жоспарлануда».

Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақ­ханамен қамтамасыз ету мәселесі де – өте күрделі жайт. Оны шешудің ең тиімді тәсілі – «сол мекемелер мен деве­лоперлік компаниялардың мемлекет пен жекеменшіктік серіктестігінің бірлестігі қағидасымен жатақхана салуды қолға алу». «Үшінші бастаманың» алтынқазық идеясы сонда.  Тағы бір өте маңызды жаңалық – «мемлекет өз тарапынан, Білім және ғылым министрлігі арқылы, жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың белгілі бір бөлігінің біртіндеп қайтарылуына толық кепілдік береді». Сол бойынша, 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап, кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салу тапсырмасы нақты айқындалып отыр.

Бабаларымыздан қалған даналық бізге өмірдің «қарыз пен парыз айналайы­ны» екендігін де айтады. Оның негізгі формуласы: «Адамның күні – адаммен». «Шағын несие беруді көбейту» деп аталатын «төртінші бастаманың» идеялық ұстанымы да, негізінен алғанда, сол қағидат ережелері мен шарттарына сайма-сай. Ол орайда, Елбасы жауапты органдар мен мекемелерге 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырып отыр. Яғни шағын несие алатындардың саны былтырғыдан 2 есеге артып, 14 мың адамға жетпек. Алдағы уақытта белсенді түрде жалғасын табатын ол қызметтің қарқыны, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті барған сайын сапалы түрде дамыта түсу үшін айрықша маңызды рөл атқаратын болады деген ойдамыз.

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру». Ол бастама бойынша Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағытында магистральді газ құбырын салу жобасын тездетіп жүзеге асыру міндеті тұр. Жоба нәтижесі 2,7 миллион адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға да ересен мүмкіндік беретініне, жалпы алғанда, қалаларымыз бен өзге де елді мекендеріміздің, Ұлы Даламыздың экологиясын жақсартуда да аса зор жетістіктерге қол жеткізетініне сеніміміз мол. Осы арада айта кетейік, бізде, Зайсан өңірінде газ өндіріледі. Қазіргі уақытта Зайсан қаласының өзі газбен толықтай қамтамасыз етілген. Енді көгілдір отынды ауылдарға тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақта Зайсанның газымен көршілес аудандарды да қамту жоспарланған. Бірақ өкінішке қарай,  жұмыс барысы өте баяу. Мына бесінші бастама сол істердің тезірек орындалуына өз ықпалын тигізеді.

Қош, осындай «бес бастамадан» тұратын бағдарлама еліміздің барша азаматтарының тұрмыс-тіршілігінде жиып-терген игілігінің одан сайын молая түсуіне кепіл болары сөзсіз.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарлама ретінде заңдық тұрғыдан бекітілер болса, мемлекетіміз де одан сайын айбынданып, ынтымағымыз да нығайған үстіне нығая береді, қоғамымыз да гүлдене түседі.

 

Тыныштықбек ӘБДІКӘКІМҰЛЫ,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

СЕМЕЙ

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Түркістан - бүкіл түркі жұртының рухани астанасы - Сенат Төрағасы

21.06.2018

Алматының әкімі стартап-компанияларының өкілдерімен кездесті

21.06.2018

Еуропа лигасындағы қарсыластар анықталды

21.06.2018

«Жетісу» газетінің жарық көргеніне бір ғасыр толды

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымы сәтті аяқталды (видео)

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Астананың құрдастары: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру (видео)

21.06.2018

Түркістан облысы - Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

21.06.2018

Түгел түркінің тілегі орындалған күн - Құлбек ЕРГӨБЕК

21.06.2018

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

21.06.2018

Үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталды

21.06.2018

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуін өткізді

21.06.2018

Біздің мақсат – мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу – А.Шпекбаев

21.06.2018

Ислам қолжазбалары зерттелуі тиіс

21.06.2018

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорын құру ұсынылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу