Президент • 06 Наурыз, 2018

Т. Дүйсенова: Президенттің Үндеуі - Жолдаулардағы бағыттардың жалғасы

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін “Қазақстан” ұлттық телеарнасында Президенттің бес әлеуметтік бастамасы Үндеуі туралы республикалық телекөпір өтті.

Т. Дүйсенова: Президенттің Үндеуі - Жолдаулардағы бағыттардың жалғасы

“Нұр Отан” партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова “Жалпы Елбасының жылдағы жолдауында әлеуметтік мәселелер басты мақсаттар болатын. Ал Президенттің бес әлеуметтік бастамасы сол Жолдаулардағы бағыттардың одан ары қарай жалғасы деп айтуға болады. Бір миллионнан астам “Нұр Отан” партиясының негізгі мүшелері бұл бастамаларды толықтай қолдайтынын жеткізіп жатыр. Бүгін Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалиция мүшелерімен дөңгелек үстел өткізіп, осы бастамалардың іске асуына жұмыла үлес қосатындықтарын мәлімдеді” деді.

Айта кетейік,телекөпірге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, “Нұр Отан” партиясының хатшысы, “Атамекен” ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы және белгілі саясаткерлер мен саясаттанушылар қатысты.