Президент • 06 Наурыз, 2018

Б.Еламанов: Елбасы үндеуі халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартуға бағытталған

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін “Қазақстан” ұлттық телеарнасында Президенттің бес әлеуметтік бастамасы Үндеуі туралы республикалық телекөпір өтті.

Б.Еламанов: Елбасы үндеуі халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартуға бағытталған

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов “Елбасы үндеуі халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартуға бағытталған” деді.

“Елбасының бес әлеуметтік бастамасы халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді қозғады. Себебі, бес бастама да халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартуға бағытталған. Бұл мәселелер халықпен кездесулерде, Парламент палаталарында сауалдар ретінде бұрыннан айтылып келген. Бірақ, Елбасы өзі айтқандай, бұл өзекті мәселелер барлық дайындықтан өтіп, қаржылық мүмкіндігі ескеріліп мезгілі келген кезде көтеріліп отырған мәселелер. Халық бұл бастамаларды жақсы қабылдап жатыр”, деді Бекмырза Еламанов.

Еске сала кетейік, телекөпірге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, “Нұр Отан” партиясының хатшысы, “Атамекен” ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы және белгілі саясаткерлер мен саясаттанушылар қатысты.