Парламент • 07 Наурыз, 2018

С.Бектұрғанов: Әл-ауқатымызды арттыру жолы

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент палаталарының бірлескен отырысында ай­тылған Президенттің бес бастама­сы мил­лиондаған азаматы­мыз­дың әл-ауқатын арттыруға теңдессіз әсер ететіні сөзсіз.

С.Бектұрғанов: Әл-ауқатымызды арттыру жолы

Ел­басы әлеуметтік-экономи­калық даму міндет­терін ше­шу жолдарын ұсына отырып, олар­дың нақты есептеу­лер­­ге негіз­дел­генін және қаржылай қамтамасыз етілетінін айтты.

Атап айтқанда, құрылыс сала­сын дамытуда тұрғын үй несиесін қолжетімді ету, шағын және орта бизнесті дамытуда азаматтар­ға берілетін микронесиелеуге бөлінетін соманы арттыру, жастарды жұмыспен қам­та­масыз ету мен жоғары білім алуға бөлінетін гранттарды кө­бейту, жаңа газ құбыры са­лы­н­атын өңірлерде экологияны жақсарту, тұрғындардың тұр­мыс­тық мәселелерін шешу сынды идеяларды ұсынды. Оларды нақты шешу үшін Президент маңызды бастамаларды ұсынып отыр. Қоғамдағы тұрақтылықты сақтай отырып, экономиканы жоспарлы түрде дамыту арқылы Елбасы аталған күрмеуі қиын мәселелерді шешудің негізін нық қалыптастыра білді.

Қазақстанның ұстанып отыр­ған жолы – азамат­тары­мы­з­дың әл-ауқатын жоспарлы арт­тырудың, тұрақты қоғам қалы­п­­тастырудың, ортақ мақсат­тар­ға қол жеткізуде күш-жігерді бірік­тірудің жолы.

Серік БЕКТҰРҒАНОВ,

Сенат депутаты

Соңғы жаңалықтар