ЭКСПО-2017 • 07 Наурыз, 2018

ЭКСПО-2017: Қазақстан 2018 жылы қоқыс сұрыптауды үйрене ме?

910 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Таяуда Энергетика министрлігі қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлердің түстерін анықтауға қатысты заңнамаға түзетулер енгізуге ұсынымдар әзірледі. Біз бұл жаңалықты саяси еркіндіктің ұзақ күткен көрінісі және біздің елімізде қалдықтарды басқару сияқты қызметтің осы саласы үшін қолайлы өзгерістердің басталуы ретінде қабылдадық.

ЭКСПО-2017: Қазақстан 2018 жылы қоқыс сұрыптауды үйрене ме?

Сондықтан ең алдымен Астана аумағында қоқысты сұрыптау мен қайта өңдеу нарығындағы жағдайды – табыс пен қайта өңдеудің перспективалы нарығын зерттеу керек. Онда осы бағытта әжептәуір қадамдар жасалған. Мәселен, қала аумағынан күнделікті жылдық көлемі 350 мың тоннаға жуықтайтын 700-800 тонна қалдық шығарылады. Бұған дейін қоқыс шығару қызметтерін екі ұйым ғана көрсетті, олардың 23 учаскедегі көлемінің ең көп үлесі «Астана Тазарту» ЖШС және «Таза Әлем-Астана» ЖШС тиесілі. Биылдан бастап осы міндетпен тек бір компания – қалалық биліктің тендерінде жеңіске жеткен және өз қолына бес жыл мерзіммен келісімшартты алған «Clean City NC» ЖШС айналысатын болады. Қалдықтардың бәрі көмуге арналған бірден-бір рұқсат берілген жер Астана – Павлодар тас жолының алтыншы шақырымындағы – қаладан тыс жерде орналасқан полигонға түседі. Қала әкімдігі жойылуына жыл сайын 100 миллионнан астам теңге бөлетін апатты қоқыс тастайтын жерлер де бар. Сонымен бірге осындай полигондар тағы қайда бар екенін және қалай қолданылатынын анықтап табу қажет, бірақ ол біршама қиын. Жоба бойынша полигон төрт тордан тұрады. Бірінші тордың аумағына жиналған қалдықтардың көлемі өзінің жоғарғы деңгейіне жетті. Қазір алаңы 13 гектар екінші тор пайдалануға енгізілді, ол көп дегенде екі жылға жетуі мүмкін. Шын мәнінде, 2012 жылы қоқыстың тәулігіне жобалық қуаты 700-750 тоннасын қайта өңдейтін кешенді іске қосу Астана үшін көп үміт күттірді. Ол болашақта қаланың қажеттіліктеріне сәйкес келетін болады.

«Имабе Иберика» испан технологиясы барлық қалдықтарды сұрыптауға және оларды қайталама шикізатқа (экомақта, үлдірлер, флекстер, түйіршіктелген полиэтилен мақталар, табақша пластиналар) айналдыруы тиіс еді. Алайда, кәсіпорын жүктелген міндетті атқара алмады. Полигонның операторлары алдында берешекті жинап та үлгермеді, қоршаған ортадағы эмиссия үшін төлем жасаған жоқ және персоналға уақтылы жалақы төлемеді. Соның салдарынан қазірдің өзінде зауыттың аумағы түрлі бактериялар тасушы – ұсақ кеміргіштердің панасына айналған. Сасық иісті қоқыс тастайтын жер. Уәделі шешім жаңа проблемаға айналды, ал «таза экология» ұғымы тек қағаздағы сөздер болып қалды. Енді не істеу керек?

Астанада өткен «EXPO-2017» көрмесі уақытында алдын ала қабылданған жаңа технологиялардың көмегімен қоқыстың жоғарыдағы жағдайын өзгертуге болады. Көрменің мұқтаждықтары үшін арнайы экологиялық таза автокөлік – француз өндірісінің жинақы әрі маневрлі электрокарларының көмегімен күндізгі уақытта қоқыс жинауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқаратын кешенді жүйе әзірленді. Бұл тәсіл көрменің келушілерінің ерсілі-қарсылы жүруіне кедергі келтірмей, қолайсыздықтарды мейлінше азайтуға мүмкіндік берді. Көрме нысандарынан барлық қалдықтар қоршаған орта иіс таратпай және шашып-төкпей баспақты контейнерлерге жіберіледі, жинақталады.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері ұсынған ресми деректерге сәйкес, көрме басталған сәттен бүгінге дейін 20 мың текше метрден астам қалдық шығарылып, Степногор немесе Щучье қалаларының қатты тұрмыстық қалдықтарымен салыстырылды. «ЭКСПО» дүниежүзілік көрмесі қоқысты 42 пайызға дейін қайта өңдеп, қалдықтарды басқару саласындағы жүйелі тәсілдемені табысты іске асырған бірден-бір алаң. Бұған дейін жиынтық көлемі 3 пайыздан асқан жоқ. Мемлекет басшысы қойған міндеттер шеңберінде бұл тәжірибені таратуға болады және керек деп тұжырымдаған дұрыс. Дегенмен, «Астана ЭКСПО-2017» өкілдері бізді осылай болады деп сендірді. Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Қанәлімовтің айтуынша, ең аз ауқымды көрсеткіштер АХҚО («Астана» халықаралық қаржы орталығы) қызметі шеңберінде болуы мүмкін, ол EXPO-2017 аумағында орналасатын заманауи инфрақұрылымды және көрмені өткізу кезінде енгізілген озық технологияларды пайдаланады. Алайда, біздің еліміз қалдықтармен жұмыс істеудегі жобаларға, бастамаларға және өзгерістерге қаншалықты дайын? EXPO-2017 кейсі Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы мемлекет басшысының жарлығын іске асыру үшін сәтті әрі көрсеткішті бастама деп санауға бола ма? Егер осылай болса, онда келесі қадамдар қандай? Біз осы мәселелермен саланың сарапшыларына және жеке кәсіпкерлерге жүгінген едік.

Аслан ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ, Clean City NC ЖШС:

– Бүгінгі таңда Қазақстан қалдықтарды басқару жүйесіндегі экобастамаларға жобаларды енгізуге әлі дайын емес деп ойлаймын. Халық тарапынан оң пікір мен қатысу үшін бірталай уақыт қажет. Қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу нарығының көлеміне, сондай-ақ оның сыйымдылығына келсек, 2017 жылы қатты тұрмыстық қалдықтар 340000 тоннадан асып жығылды, яғни тәулігіне 1000 тонна пайда болды. Астана қаласындағы сұрыптаудың тереңдігі 5 пайыздан астамын құрайды.

Дмитрий ЖУКОВ, Kauko International (Шетелдік энергия тиімділігі шешімдерін жеткізу жөніндегі компания және ҚР Үкіметі финдық «жасыл» технологиялар трансферті бойынша серіктесі):

– Менің көзқарасым бойынша, ең басты кедергі, бұл муниципалды биліктің саяси еркіндігінің жоқтығы және олардың өзгерістерден қорқуы. Бұдан басқа, қоқыс пен үйінділерді жинау көбінесе – бұл қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа толы бизнес және ол барлық күш-жігерімен осы саладағы ашықтық пен өркениеттілікке келуге кедергі келтіреді. Соңғысы, бөлек-бөлек жинауды енгізу күрделі деген пікірді қалыптастырады, ол үшін жылдар керек, алайда ондаған қалалардың тәжірибесі процесті дұрыс ұйымдастыру кезінде мұның бәрі 12 ай шегінде жасалатындығын көрсетті. Жағдайды өзгерту үшін мұны жай ғана жасау керек екенін түсінген маңызды, бұдан басқа жол жоқ. Қоқыстың негізгі үлесін сол орыннан сұрыптаған жақсы, бұл біршама арзан және адамдардың бойында табиғатқа деген дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелейді. Алайда, кейіннен сұрыптау да – керекті іс, әсіресе, бастапқы кезеңдерде.

Әзілхан БАЙБАТЫРОВ, «ЭкоПластик» ЖШС директоры және құрылтайшысы:

– Мұндай бастамаларды «ЭКСПО» аумағында ғана емес, күнделікті жасау керек. Барлық компаниялар, мектептер, ауруханалар және сол сияқтылар үшін заңнамалық түрде енгізу керек. Біздің «ЭкоПластик» компаниясы пластикалық қалдықтар мен макулатураны жинаумен айналысады, сондай-ақ біз құрылыс материалдарына пластикалық қалдықтарды қайта өңдейміз. Жабынқыш және жаяужол плиткалары сияқты. 2016 жылғы сәуірден жұмысымызды бастадық және осы уақыт ішінде 100 тоннадан астам пластика 120 тоннадан астам макулатура жинадық. Қала бойынша пластик үшін 300 жуық контейнер орнатылды. Пластик бойынша бөлек жинау жүйесі 30 компанияға енгізілді. TCO, NCOC сияқты және көптеген басқа да компаниялар бізді қолдап отыр. Біз Атырау қаласының әкімдігіне пиролиз негізінде қалдықтарды кәдеге жарату бойынша кешенді шешімді ұсындық. Оның барысында біз дизель, бензин, атмосфераға ең аз шығарындылармен электр және жылу энергиясын аламыз. Қазір бізде Sorozno Eco испан-чех компаниясының инвесторы бар. Келіссөз жүргізуді бастадық, одан әрі Үкіметтің шешімін күтеміз.

Рүстем БАСЕНОВ, Tau Innovative Solutions – «жасыл» технологиялар компаниясының ықпалдастырушысы және қалдықтарды басқару саласындағы кеңесші:

– Шындығында, біз дамудыың ауқымды теориялық міндеттеріне, жаһандық перспективалары мен тұжырымдамасына ие болып отырмыз. Алайда, мемлекеттік органдар, муниципалды қызметтер және кәсіпкерлер арасында өзара іс-қимылдың нақты тетіктері жоқ. Барлық проблемалық факторларды ескере отырып, оқиғаларды дамытудың нақты көрінісі жоқ. Осы саланы дамытуға ықпал жасайтын жолға қойылған коммуникация және құқықтық база жоқ. Кәсіпкерлер өз бетінше шешу жолдарын табуға, шетелдік серіктестерді тартуға тура келеді, тіпті ең таңқаларлығы, мемлекет өз қызметтерін зорлап мәжбүрлейді, дегенмен, біздің іс-әрекетімізді «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдама туралы мемлекет басшысының жарлығында негізгі сәттерді айнадай айқын көрсетеді.

«Астана Экспо-2017» көрмесі аумағынан шығарылған қатты тұрмыстық қалдықтардың 40 пайыздан астамы қайта өңдеуге жіберілді. «ЭКСПО» инфрақұрылымына енгізілген технологиялар әлемнің дамыған елдерінде қолданылатын қалдықтарды жинау және сұрыптау бойынша барынша озық шешімдер болып табылады. Олар көрменің рухани дүниесіне сай келді. Бұл мысалды іс жүзінде көрсеттік, біз одан арғы қадамдарға және жаңа өршіл жобаларға дайынбыз. Ең бастысы, инновациялық жабдықтың бәрі ұлттық компанияларда не муниципалды қызметтерде пайдаланылуын жалғастырды, ал қалдықтарды басқару жүйесі жер-жерде енгізілді. Өйтпегенде ше, мұның бәрін не үшін жасап жүрміз? «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жұртшылықпен байланыс департаментінде көрме кезінде іске асырылған қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы технологиялық шешімдер жалғастырылады және биыл да, кейінгі жылдары да өз жұмысын жасайды деп сенім білдіргенін қоса айтқымыз келеді. Мұның қаншалықты тиімді болатынына біз таяу уақытта көз жеткізе аламыз.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше