Спорт • 10 Наурыз, 2018

Дзюдошы Ерлан Серікжанов - Гран При турнирінің күміс жүлдегері

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мароокода (Агадир қаласы) өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Гран При кезеңінде 66 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз Ерлан Серікжанов күміс медальға ие болды. Ол финалда Андриян Гомбичке есе жіберді. Дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлады.

Дзюдошы Ерлан Серікжанов - Гран При турнирінің күміс жүлдегері

Ерлан Серікжанов алғашқы белдесуінде франциялық Алистер Уардты, екінші кездесуінде Михаил Пуляевты ұтқан болатын. Ширек финалда словениялық Андрез Жеребті, жартылай финалда португалиялық Сергио Олейникті иппонмен жеңіп, финалға жолдама алған.