Бокс • 10 Наурыз, 2018

Руслан Мәдиев кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Руслан Мәдиев кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісіне қол жеткізді

АҚШ-тың Калифорния штатында өткен кәсіпқой бокс кешінде Руслан Мәдиев мексикалық Мартин Анхел Мартинеспен қолғап түйістірді. 6 раундқа жоспарланған орта салмақтағы боксшылардың жекпе-жегі 4 раундта аяқталды. Руслан Мәдиев техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл жерлесіміздің кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісі, оның ішінде - бесінші нокаут. Мартин Мартинесте 18 жеңіс, 14 жеңіліс және бір тең ойын бар.

25 жастағы Руслан Мәдиев (11-0-0, 5 КО) әйгілі бапкер Абель Санчестің «Big Bear» кешенінде Геннади Головкинмен бірге жаттығады.