Қазақстан • 12 Наурыз, 2018

Өмірлік маңызы зор Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

699 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Өз елі мен халқына адал қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін жариялап, қай кезде де өз отандастарының мүддесін бәрінен де жоғары қоятынын көрсетті.

Өмірлік маңызы зор Президенттің бес әлеуметтік бастамасы

Инфографиканы жасаған Амангелді ҚИЯС

Біздің еліміз тәуелсіздіктің қандай бір қиын кезеңдерінің өзінде де халықтың әлеуметтік мүддесін жақсартуды назардан қағыс қалдырып көрген емес. Әлемнің дамыған мемле­кет­терінің өздері қаржы дағ­дары­сына ұшырап, әлеуметтік салаға бөлінген бюджеттік қар­ж­ыны азайтып, кей жағдайда еңбек ақыларын төмендетіп жатқанда біздің ел жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қорғалған адамдарға көрсетілетін жәрдемақы, зейнет­ақы мен шәкіртақыны ұдайы өсіріп отырды. Бюджеттік сала қыз­мет­к­ерлерінің, соның ішінде мұға­лімдер мен дәрігерлердің де жалақылары өсу үстінде болды.

Енді міне, Елбасы өзінің бес әлеуметтік бастамасында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін жария етті. Бұл өмірлік маңызы бар мәселе. Өйткені Қазақстанда соңғы жыл­дары халық саны жақсы өсіп келеді. Жыл сайын үйленіп жат­қан жастарымыз­дың да қатары толығуда. Ауыл­дар­дан қалаға көшіп келіп жат­қан жастар легі де жетерлік. Міне, осы тұрғыдан келгенде Елбасы тұрғын үй ипо­текасы­на қол жеткізу мүмкін­діктерін арттыру үшін өте ма­ңызды қадам жасады. Бұл бар­шамызды қуантты. Ендігі ара­да жұмыс істейтін әр адам несие­ге пәтер алып, оны өздерінің о­тба­сылық бюджетінің мүм­кін­дік­тері аясында төлей ала­тын­дай жағдай жасалып отыр. Мұ­ны әлеуметтік саладағы үлкен жеңіс деп бағалаймын. Соны­мен бірге несие өсімінің мөл­шер­ле­месі қазіргідей 14-16 пайыз емес, жылына 7 пайыздан ас­пай­тын болып белгіленді. Бұл, әсі­ре­се жастарымызға, әлеу­меттік жағ­дайы төмен және жалақы­лары аз жандарға өте тиімді болмақшы.

Елбасының бес әлеумет­тік бас­та­масының ендігі бір ма­ңыз­дысы, жалақысы төмен жұ­­мыс­шылардың еңбекақы­сын көбей­ту үшін олардың са­лық жүктемесі келесі жылдың 1 қаң­тарынан бастап 10 есеге азайтылатындығы деп білеміз. Өйткені түрлі экономикалық құры­лымға байланысты Қазақ­стан­ның әр өңірінде жалақы мөл­шерінің де бір деңгей­де емес­тігі жасырын емес. Мыса­лы, мұнай мен газ өндіре­тін ай­­­м­ақтағылардың айлық жал­ақ­ы­ларын аграрлық өңір болып саналатын аймақтың жала­қы­сы­­мен салыстыруға келмей­ді. Аграр­­­лық өңірлерде еңбек­ақы әлі де тө­мен. Енді міне, жалақысы тө­мен адам­дардың айлығынан 1 пайыз ғана салық ұсталады. Бұл төмен жалақы алатындар үшін үлкен қолдау әрі көмек, мемлекеттің қамқорлығы болып саналады.

 Біз, депуттатар Үкіметке сауал салу арқылы студенттерді жатақ­ханамен қамтамасыз ету­дің мәселесін айтып та, көтеріп те жүрдік. Өйткені, тоқ­санын­шы жылдардағы жекешелендіру­дің а­л­ғаш­қы кезеңдерінде оқу орын­­дарының көптеген жатақ­ханалары жекеменшікке өтіп кетті. Содан барып, Қазақ­стан­­дағы кез келген оқу орын­дарын­да жатақхана жетіс­пеу­ші­лігі орын алды да, бұл келіп, олар­дың жалдамалы пәтер­­­­лер­ді жағалап кетулеріне әке­­­ліп соқты. Қымба­тырақ түсіп отыр­ған пәтер ақыны төлеуге кей­­біреу­лерінің жағдайлары да болмай қиналып жүргені де белгілі. Білім алып жүр­ген жастарды жатақханамен қам­­та­масыз ету мәселесін де шеше­­тін кез келгенін айта отырып, Елбасы 2022 жылдың соңы­на дейін 75 мың орындық жатақ­хана салу жөнінде тапсырма бер­­ді. Бұл жастарға деген Ел­ба­сы­­ның қамқорлығы деп білемін.

Кешегі кеңестік жүйенің бір шеңберінде болған мемлекеттер арасында дәл Қазақстан сияқ­ты шағын және орта биз­несті дамытуға қамқорлық жасай білген ел болған емес. Бұл орайда Елбасы Қазақстандағы бизнестік ахуалды жақсартуды ұдайы өз назарында ұстап келеді. Енді міне, тағы да шағын несие беруді көбейту мәселесі айтылды, нақ­ты­лы тапсырмалар берілді. Бұл өзін-өзі еңбек­пен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға тың жол ашады, үлкен демеу болады. Елбасы 2018 жылы тағы да қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Шағын несие алатындардың санын 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайып, олардың саны 14 мың адамға жететін болады. Енді осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып қалу керек.

Елбасының Қазақстанның түрлі аймақтарын газбен қам­тамасыз етуді одан әрі жал­ғас­тыру жөніндегі бастама­сы­ның да маңызы бар. Әсіресе Қызыл­орда облысының Қараөзе­гінен Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағытында магис­тральді газ құбырын салу жобасының ұсынылуы өте ма­ңызды. Өйткені Астана қаласы үшін, алты ай қыс бойы от жаға­тын Қазақстанның солтүс­тік өңір­лері үшін мұның өмірлік ма­­ңызы зор. Сондай-ақ бұл Көк­ше өңірінің Бурабай курортты аймағын дамытуға, оның эко­логиялық жағдайын жақсартуға және бұла табиғатын сақтап қалу­ға зор әсерін тигізер еді.

Елбасы біздің алдымыз­ға зор міндеттер қойды. Ол мін­деттердің барлығы да елдің мүддесі. Олай болса, сол елдік мүдделерімізді өз игі­лігіміз үшін жаратуға бар күші­міз бен мүмкіндігімізді жұм­сауға тиістіміз. Әрине, бұл үшін бізге еліміздің бірлігі мен хал­­қы­­мыздың ынтымағы керек. Бақ та, ырыс та, береке де ынты­мақты жерге барады деген хал­қы­мыз­дың ежелгі бір даналы­ғын әрдайым есімізде ұстап, Ел­ба­сының бес бастамасын орын­дауға құлшына кірісейік.

Рашит ӘКІМОВ,

Парламент Сенатының депутаты