Бағдарламалар • 12 Наурыз, 2018

Президент Үндеуіне орай Ақтөбе облысында актив жиналыс өтті

571 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Прези­денттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіне орай Ақтөбе облысында актив жиналысы өткізіліп, жаңа қосымша міндет­тер белгіленді. Активте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әлеумет­тік мәселелерге баса мән берген. Бұл жолғы Президент Үндеуі­нің мәні мен маңызы айрықша екенін, оның барша қазақ­стандықтарды толғандырып отырған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді түбегейлі шешуге бағытталғанын атап көрсетті. 

Президент Үндеуіне орай Ақтөбе облысында актив жиналыс өтті

Бұл ретте бірінші бастамаға тоқталсақ, қазіргі күні өңірде 32 мың адам баспана алу кезегінде тұр. Оның 22 мыңға жуығы – Ақтөбе қаласының тұрғындары. Осы мәселені шешу үшін былтыр облыста тұңғыш рет 793 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биылғы меже ең кем дегенде 850 мың шаршы метр баспана салу болатын. Әйтсе де актив жиналысында Президент Үндеуіне сәйкес қосымша міндеттер белгілеу қажет­тілігі айтылды. Алдағы кез­де қолға алынатын жұмыс осы мақсатқа арқа сүйеуге тиіс. Ал өңір тұрғындарының несие төлеу мүмкіндігі қандай бола­ды деген мәселеге келсек, бұл үшін бірінші кезекте жаңа бас­таманың баспанаға қол жет­кізудегі тиімділігі туралы кең ауқым­ды түсіндіру жұмыстары бірінші кезекке қойылмақ.

Елбасы ұсынған екінші бас­­та­маға келсек, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбек­ақы­сын көбейту жөнінде облыс­та бұ­ған дейін де іс-шаралар кеше­ні бел­гіленіп, өткен жыл­мен салыс­тырғанда биыл олардың жал­ақысы 15 пайызға көтерілді. Бұл жөнінде газетімізде өткен апта­лардың бірінде «Жұмыс­шы жалақысы жөнінде бірер сөз» деген сараптамалық мақалада жа­рия­ланды. Жаңа міндетке орай алдағы уақытта 100 мың­нан ас­там жұмысшы тиісті жеңіл­діктер алмақ. Бұл ретте ай­мақ­тағы атқарушы билік пен әді­лет және салық органдарына жаңа міндеттер жүктелген. Іс нәти­желі болуы үшін әрбір ақтөбелік тұрғынның нақты кірісін мұ­қият есепке алу көзделген. Актив жи­на­лысында үшінші баста­маға сәйкес Ақтөбедегі жоға­ры және ар­наулы оқу орын­дары бас­шы­лары­ның қатысуы­мен облыс әкім­дігі кадрларға деген қа­жет­т­ілік мөлшерін ай­қындау­ды ұй­ға­­рып отыр. Соны­мен бірге өңір­­дің қанша грант алу керек­тігі Білім және ғылым министр­лі­гі­­мен бірлескен түрде жүзеге асырылмақ.

Активте атап көрсетілгендей, қазіргі күні аймақтағы білім беру ұйымдарында елу мыңға жуық студент білім алады. Ашығын айтқанда мұнда оқушы-сту­дент­терді жатақханамен қамту деңгейі төмен. Айталық арнаулы орта білім беретін оқу орындарында бұл көрсеткіш шамамен 18 пайыз болса, колледждерде 40 пайыз төңірегінде. Жоғары оқу орындарында шамамен 37-40 пайыз. Сондықтан да бүгінгі таңда облыста бірінші кезекте жатақхананы қажет ете­тін студенттердің контингентін анықтап алу қажеттілігі туындайды. Бұған пәтер жалдайтын немесе ағайындарының үйінде тұратын студенттер де кіруі тиіс. Алдағы уақытта осының бәрі есепке алынып, соған сәйкес тиісті құжаттар әзірленбек.

Үндеуде айтылған төртінші басым­дық – шағын және орта биз­несті қолдау жөнінен Ақтөбе рес­публика облыстары ара­сы­н­­да алдыңғы лекте тұр. Бұл көр­­­сет­­кіш өңірдегі эко­но­­ми­­­ка­лық бел­сенді тұрғын­дар­­дың 31 па­йы­­зын құрайды. Был­тыр об­лыс­­та шағын несиелеу бо­йы­н­ша екі жарым миллиард тең­­ге қара­­жат жұмсалған. Сол секіл­­ді «Ата­мекен» ұлттық пала­та­сы­­мен бір­лесе атқарылған «Бас­тау» жо­басы аясында жұ­мы­сы жоқ­тар­ды оқытуға мүм­­кін­­дік­тер туғы­зыл­ған. Бүгін­гі күні осы жоба бойынша 1500 адам оқы­ты­луда. Оның 31 па­йыз­ға жуы­ғы жұмысқа орна­лас­­тырыл­ған. Шағын және орта биз­нес­ке бері­ле­т­ін несие қара­жа­ты көлемін кө­бей­ту мәс­еле­­сіне келсек, бұған тағы да қо­сым­ша 20 мил­лиард тен­ге бөлінбек. Әсіресе бұл істі ауыл­­дық жерде одан әрі жақсарту мен жанд­андыруға басымдық­тар бе­ріл­­ген. Бұл істен жұмыс­пен өзін-өзі қамтитындар да тыс қалмайды.

Президент Үндеуіндегі соң­ғы бастама елді газбен қам­тамасыз ету болса – облыс­та бұл көр­сеткіш 88 пайызды құ­рай­ды. Бұл республикалық дең­гей­ден 33 пайызға жоғары. Қазіргі мақ­сат 2020 жылға дейін облыс халқының 95 пайызын көгіл­д­ір отынмен қамтамасыз ету бол­мақ. Актив жиналысында облыс­тық мәслихаттың депутаты Аманкелді Есіркепов бес әлеуметтік бастамада қойылған міндеттерді шешу әлемдегі 30 ең жақсы дамыған елдің қата­рына кірудің басты кепілі еке­ні­не тоқталды. Келесі кезекте Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңір­лік мемлекеттік уни­вер­си­теті­нің ректоры Бауыржан Ер­­ден­беков өндіріске қажетті мамандарды даярлау үшін жоғары оқу орнында барлық жағ­дайлар бар екенін атап көрсетті. Бұл үшін бұған дейін де өндіріс орын­­д­ары басшыларымен тиісті келі­­сім­­дер жасалған. Студенттер со­ған сәйкес білім алуда. Прези­дент бас­­­та­­масына орай бұл істің ауқы­­­мы ал­дағы кезде одан әрі ұлғаймақ.

Ақтөбе қаласындағы «Люкс Хостель» ЖШС дирек­торы Жанна Алтынбаева елімізде Елбасы тарапынан шағын және орта бизнесті дамы­ту­ға көр­сетіліп келе жатқан қол­дау­дың шапағатын сезініп жүр­генін жеткізді. Активті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қоры­тын­дылап, Үндеуде айтыл­ған бас­тамаларды толықтай орындау үшін бір жағадан бас, бір жең­нен қол шығарып, қоян-қолтық бір­лесе еңбек ету қажеттілігі жөнін­де түйін жасады.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ