Бағдарламалар • 12 Наурыз, 2018

Ұтымды шартпен несие ұсыну – игі іс

215 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Парламент палаталарының бір­ле­с­кен отырысында Елбасы жариялаған бастамалар қазақ­стан­дықтардың әлеумет­тік жағ­дайын жақсартуға арнал­ған маңызды қадамдар деп есеп­тей­­мін. Кешегі күннен бері әлеумет­тік желілерде талқыға түскен нөмірі бірінші тақырып екенін, халық арасында қызу дискуссия тудырғанын ескерсек, 5 баста­маның да өзекті екенін көреміз.

Ұтымды шартпен несие ұсыну – игі іс

Жастарға тікелей қатысы бар тұрғын үй қолжетімді­лі­гі, жоға­ры білім сапасының артуы мен шағын және орта кә­с­іп­­­­­керлікті дамытуға арнал­ғ­ан ұсы­ныстар мемле­кет­тік сая­си шешімдердің үлкен бө­лі­гі жастарға бағыт­тал­ға­нын көр­сетеді. Бізге берілген жеңі­лд­ік­тер мен мүмкіндіктер –  жас­тарға артыл­ған жауап­кер­ші­ліктің артқанының да көрсеткіші.

Алғашқы жоба Қазақ­стан­ның кез келген тұрғынының көке­йін­де жүрген сұраққа дөп түс­кеніне сенімдімін. Тұрғын үй елі­­міздегі, әсіресе, Астана мен Ал­­маты қалаларының тұрғын­да­ры үшін өте өзекті мәселе. «7 – 20 – 25» бағдарламасы барша қазақ­с­тандықтардың, әсіресе, жас отба­сылардың қысқа мерзімде тұрғын үй бағасының бестен бір бөлігін жинап, төмен па­йыздық мөлшерлемемен бас­паналы болуларына мүм­кіндік береді. Әлем­нің дамы­ған елдерінің, мегаполис қалалар­дың тәжірибесіне қара­сақ, оларда тұрғын үй мәсе­лесі шешімін әлі күнге дейін таппай келеді. Ипотекаға баспана алу – әлемдік тәжірибе, ал мем­лекеттің парызы – азаматтарына ұтымды шартта несие ұсыну.

Ал жоғары оқу сапасының артуы мен студенттердің әлеу­мет­тік жағдайының жақсаруы білім­ді және бәсекеге қабілетті маман­дарды даярлауда өз жемі­­сін берері сөзсіз. Қосымша берілетін 20 мың грант саны еліміз­дегі ал­дағы жылы мектеп бітіруші­лер­дің тегін оқуға қол жет­кізу мүм­кін­діктерін еселей түс­пек. Қо­сым­ша гранттар саны түлек­тер­­дің өзге елдің жоғары оқу орын­­да­ры­на басымдық беруін азай­ту­дың шешіміне айналуы тиіс. Әсіресе Ресеймен шек­а­ра­лас ор­­­на­­ласқан аймақ оқу­шы­лары ара­сында ресейлік жоғары оқу орындарын таңдау тенденциясы байқалады. Бұл бастама сапалы мамандардың елімізде дайындалып, осында қалуына септігін тигізуі керек.

Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту­ға берілетін микрокредиттер мөлшері 20 млрд теңгеге артуы да жастарға тиімді деп есеп­теймін. Бұл жас­тар арасындағы жұмыс­сыздық мәселесін шешуге де әсер етпек. Жұмыссыз­дық себе­бі­нен орын алатын түрлі құқық бұзу­шылық әрекеттердің де азаюына алып келеді деген ойдамын.

Елбасы осы бастамаларды қа­дағалауды «Нұр Отан» пар­тия­­сына табыстады, ал оған пар­тия­ның жастар қанаты ретінде «Жас Отан» тікелей қатысады.

Данияр СҮНДЕТБАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы