Көңілден су ішкен көңіл

Адам көңілі. Халық «Көңіл кө­ңіл­ден су ішеді» дейді. Парқына жет­сең өте шынайы, адамдардың қа­рым-қатынасының қалтарыссыз, қал­тқысыз пейілінің айнасындай кө­рінетіні ақиқат. Ол расында өте нә­зік, бір атым насыбайдан қалатын, сәл бір ықылас білдірумен кө­теріп жіберуге де, бай­қамай кірбің ұялатуға да болатын әрбір пенденің жүрегіндегі өзінше бір әлем.

Егемен Қазақстан
13.03.2018 244
2

Қала тұрғындарының жүйкелері тым жұқа келеді. Оларда бәрі асығыс, асықпаса және болмайды, уақыт, тір­­шілік ағымынан кешеуілдесең біраз нәр­седен қағыласың. Барар жеріме, жұ­мысыма кешігуім, қалып қоюым мүмкін деп онсыз да тапшы уақытын есептеп, алға артық минуттарын салып шықса да, көшеде кептелекке тіреледі. Кейбіреулер қатты асығыстықтан ба, әлде өзінің ептілігін, пысықтығын көр­сеткісі келе ме, өзгемен есептеспей, қы­сылмастан көлігіңді кес-кестеп, апат­ты жағдай туғызып, онсыз да кернеп, сынып кетейін деп тұрған жүйкені одан сайын шытынатады. Әупірімдеп діт­теген жеріңе жетіп, тиісті орыннан көр­сетілетін қызметіңді алайын десең он­да да түрлі қабақ алдыңнан шығады. Әй­теуір, сетінеп, кенеуі кетіп, көпшігі қи­сайып, аттан аударып тастайтындай күй­де тұрған тірлік.

Алайда кейде сондай көңілсіз кейіп­ті ұмыттырар, жақсы ұйымдасқан іс­ке кезіккенде көңілің өсіп қалады. Әсі­ресе банк, дүкен, халыққа қызмет көр­сету орталықтары, вокзал, көпшілік та­мақтанатын орындар, қоғамдық кө­лік тәрізді жалпы жұртшылықпен күн­бе-күн қоян-қолтық қызмет ат­қа­ратын орындардағы адамдардың өз жұмыстарына, келушілерге деген көз­қарастарына, басшыларының ұйым­дас­тырушылық қабілетіне де көп дүние байланысты. Кейбіреуінен көңілің өссе, кейбірінен қабаржып, салыңқы қабақпен кейіп шығасың.

Елорданың қоғамдық көліктерінің қыз­мет көрсетуінің біршама жақсарғанын ай­та кету керек. Кондукторлар үлкен кісі, бала көтерген адам, мүгедек жан кірсе жастарға сыпайы түрде «орын беріңіз» деп ескертіп жатады. «Нұр­лы жол» вокзалындағы қызмет те көңіл­ден шыққандай. Мұнда мүмкіндігі шек­теулі, иә болмаса науқас адамдарға қыз­мет көрсететін арнайы адамдар бар. Қол­арбаға отырғызып, вагоныңызға әке­ліп, билет алған орынға жайғастырып алғыс алып жатады. Анықтама бюросы, дәретхана, телефон қуаттау сияқ­ты бірқатар қажеттіліктерге тегін қыз­мет көрсетіледі екен. Бағытыңнан жа­ңылып, жол таппай қалсаң сыпайы ба­ғыт беруші қызметкерлер және тұр. Ар­қаның қысында тоңдырмайтын, жылы аялдама, қаласаңыз таксилер 3-этаждан-ақ алып кетеді. Бір қадамы мың шақырымдай көрінетін ата-әжелер үшін тіпті жақсы ойластырылған дүние. Көңіл жайланып, келуші де, шығарып салушы да вокзалдан көңілді күймен шығып жатады.

Жуырда Астана қаласының тұрғын үй басқармасына барып, бірнеше ай өтіп кеткен қағаздарды көтеру қажет бол­ған. Келген шаруаны мұқият тыңдап, қа­зір тексеріп көрейін деген қызметкер бөл­месіндегі қағаздарын қарап еді, іздеген құ­жат табылмады. «Отыра тұрыңыздар, бас­қа бөлімнен қарастырайын» деген ол ара­да 7-8 минуттай уақыт өткенде буда қа­ғазды көтере бөлмеге кіріп, шұқшия отырып қажет құжатты қолымызға беріп, бұдан кейін не істеу қажеттігін сыпайы түрде түсіндіріп берген. Құжатты тауып бергеніне қоса, келушіге деген ілтипатына риза болып, есімін сұрған едік. Аты – Әлия, тегі – Мұсатаева екен.

Сауда орталығын аралап жүріп, бір бутиктің жанынан өте бергенімде ішінен сөйлей шыққан тұтынушы назарымды аударды. Менің қарап қалғанымды көріп: «Тігіншіге разы болып келе жатырмын. Өткенде көйлек алып, соны қысқартайын десем, көйлектің жарты бағасын сұрайды. Ал мына шебер арзанға қысқартып беретін болғасын көйлекті қалдырып кеткенмін. Кеше телефон нөміріңізді жазып кетіңіз деген. Сөйтсем, үйге дайын болды, алып кетуіңізге болады деп өзі қоңырау соқ­ты. Көйлегімді киіп көрсем, «құр астынан қысқартсам желбіршектері бірдей бол­май қалар деп, әр қатарынан екі сантиметрден алдым», дейді. Қалай риза болмайсың, менің көңілімдегіден де әдемі етіп жасап қойыпты», дейді. Тұтынушыға жақсы бір көңіл сыйлаған сол кісіні көргім келіп кеткен. Еш жұ­мысым болмаса да тігінші бутигінің іші­не кірдім. Қарапайым қазақ әйелі, сыпайы амандасып шаруамды сұрады. Жай кір­генмін, жұмысыңыздың берекесін бер­сін, риза болып шыққан клиентіңізді көріп, келесіде тігінші қызметі керек болса сізге келейін деп, танысып жөн сұрастым. Есімі Раушан екен.

Халқымызда «Қонақ кел демей келе­ді, кет демей кетеді» деген мақал бар. Со­ны қызмет көрсетушілерге қарата айт­са да болғандай. Өз жұмысын адал ат­қарып, клиентінің көңілін табуды ой­лаған Раушан тәрізді мамандар бір тапсырыс орындау арқылы өздеріне келетін жандардың көбеюіне жол салып, алғыс алып, ісін өркендетеді. Ал шақырсаң келтіре алмайтын даяшысы бар, еріне қимылдар сатушысы бар жерге кімнің қайтып барғысы келсін.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.03.2019

Еуроодақ Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

20.03.2019

С.Жээнбеков: Назарбаев – ұлттық қана емес, әлемдік деңгейдегі тұлға

20.03.2019

Білге қағанның жолын басқан көшбасшы

20.03.2019

Б.Тілеухан: «Алаштың алғысы айрықша»

20.03.2019

Н.Назарбаев Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар елдің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

19.03.2019

Матвиенко Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясаткер екенін айтты

19.03.2019

Түркі дүниесінің Ақсақалы болып қала береді - Расим Мусабейов

19.03.2019

Н.Назарбаевтың өкілеттігінен бас тартуы тосын жаңалық болды - Робин Форестье-Уокер

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Н.Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай мәртебелері сақталады?

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі (видео)

19.03.2019

Ерлан Баттақовқа Президенттің Іс басқарушысы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

А. Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Бақытжан Темірболатқа Президент Кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Президент Кеңсесінің бастығы қызметінен босатылды

19.03.2019

Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы Жарлыққа қол қойды

19.03.2019

Әмірхан Рахымжанов Елбасы кітапханасының директоры лауазымына тағайындалды

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу