Ұшқыр қиялға қанат бітірген. Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Әлия Мұқышева жайлы

Анасы кәсіби маман болмаса да, суретті жақсы салыпты. Оның осы тәлімін бойына сіңірген Әлия жеті жасында қолына қылқалам ұстап, табиғаттың тілмен айтып жеткізгісіз ғажайып көріністерін ақ қағаз бетіне түсіруден жалықпапты. Сурет пәнінің мұғалімі бойжеткеннің ұшқыр қиялына қанат бітіріп, кәсіптік бағыт-бағдар жағынан жетілуіне көп көмектесіпті. Содан бергі ғұмыры бейнелеу өнерімен біте қайнасып келеді.

Егемен Қазақстан
13.03.2018 992

Әлияның шебер қолынан шыққан 300-ге жуық туынды саналуан тақырып­ты қамтиды. Қай-қайсысында болсын ұлт­тық нақыш алдымен аңғарылып, адам мен табиғаттың ішкі үндестігі, тыл­сым құбылыстары, жұмбақ сырлары домбыраның қос шегіндей үйлесім тау­ып отырады. Көбіне акварельмен сал­ғанды ұнатады. Ара-тұра майлы бояуды да қолданады. Табиғат кө­рі­ніс­тері мен адам портреттерін кес­кін­де­генде академиялық бағытты ұс­та­нады. Соңғы кездері кітап және бо­та­никалық безендіруге де ден қойып жүр.

– Университетте оқып жүргенде алғашқы кәсіби тырнақалды туындым кіші інімнің портретін салуға арналды. Бауырыммен құлын-тайдай тебісіп өс­сем де, бір айдай уақыт жұмсадым. Әке-шешем шаңырағының төрінде ілу­лі тұрған портрет әлі күнге дейін кө­зіме ыстық көрінеді,–дейді қылқалам иесі өткен кезді қимастықпен еске алып.

Таңдаулы туындыларының бірі «Келіннің әні» деп аталады. Бір қолы­мен бесікті, бір қолымен әлемді тер­бететін болашақ ана бейнесі арқылы ұмы­тылып бара жатқан халықтық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұлық­тауға ұмтылыпты. Майлы бояу­мен салған «Ауаның қозғалысы» шы­ғармасы қазіргі уақыттың жанталас қимылын сездіргенімен, қоршаған ортаға деген мейірімді, өмір сүруге деген құштарлықты аңғару қиын емес. Тапсырыс бойынша кәсіпқой боксшылар Геннадий Головкин мен Жанат Жақияновтың портреттерін салып, «Қоғамдық келісім» мемле­кет­тік мекемесі ұйымдастырған қайы­рымдылық кешінде сатылымға қой­ыпты. Одан түскен 180 мың теңге нау­­қас балдырғандардың ем-домына жұм­салыпты. «Қайырымдылық шарала­рына қатысу – өте сауапты іс. Биыл екі шығармамды аукционға қоямын. Ме­нің бастамамды кәсіпкерлер мен өнер жанашырларының қолдауын өті­немін» дейді ол.

Әлия Мұқышева бүгінде Назарбаев зияткерлік мектебінде өнер сабағын жүр­гізеді. «Palette» үйірмесіне жетек­ші­лік етіп, оқушыларды қылқаламның қыр-сырына баулиды. Олардың алды түр­лі байқауларға қатысып, олжа салып жүр.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Еуропа лигасындағы қарсыластар анықталды

21.06.2018

«Жетісу» газетінің жарық көргеніне бір ғасыр толды

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымы сәтті аяқталды (видео)

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Астананың құрдастары: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру (видео)

21.06.2018

Түркістан облысы - Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

21.06.2018

Түгел түркінің тілегі орындалған күн - Құлбек ЕРГӨБЕК

21.06.2018

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

21.06.2018

Үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталды

21.06.2018

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуін өткізді

21.06.2018

Біздің мақсат – мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу – А.Шпекбаев

21.06.2018

Ислам қолжазбалары зерттелуі тиіс

21.06.2018

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорын құру ұсынылды

21.06.2018

Цифрландыру – ел дамуының басты кепілі – А. Оспанов

21.06.2018

Оралда қарақшыны құрықтады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу