Әлем • 13 Наурыз, 2018

Илон Маск 2019 жылы Марсқа ракета ұшырмақ

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

SpaceX 2019 жылы Марсқа тест режімінде  ракета ұшыруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл туралы Илон Маск South by Southwest (SXSW) технология және мәдениет фестивалінде айтты, деп жазады CNN.

Илон Маск 2019 жылы Марсқа ракета ұшырмақ

«Біз қазір планетааралық кеме құрастырып жатырмыз. Келесі жылдың басында белгілі бір қашықтыққа ұшыруды бастай аламыз деп ойлаймын. Бірақ мен айтқан уақыт кейде өзгеріп отыратынын білесіздер», — деді Маск. Ол өз сөзінде  Starlink жаһандық интернеттің іске қосу уақытының бірнеше рет шегерілгенін еске алды. 

BFR (Big Falcon Rocket) ракета жүйесі бірнеше рет ұшыруға жарамды. Яғни, оны ұшыру Falcon 1 ракетасына қарағанда арзанға шығады. Масктің айтуынша, BFR арқылы Нью-Йорктен Шанхайға жарты сағатта жетуге болады. 

Былтыр Маск BFR Марсқа 2022 жылы ұшатынын айтқан болатын. Алдымен ракетамен 150 тонна жүк жіберіледі, одан кейін адамдарды тасымалдауға мүмкіндік тумақ.