Демократиялық қоғам құру­дың басты құндылығы - сана еркіндігі

Қоғамдағы демократия – ол еркіндік, конституция мен заң шеңберіндегі сана еркіндігі. Сана еркіндігінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі – материалдық құндылық пен билік. Содан кейін барып дәстүрлі менталитет және басқа да негіздер орын алады. Кез келген саналы адамның ой еркіндігінің демократиялық қоғамның дамуына сәйкес ұстанымдары болуы шарт.

Егемен Қазақстан
14.03.2018 1737
2


Демократиялық қоғамда сана еркін­дігінің мөлшері болуы керек пе? Бұл демократиялық қоғам­ның даму деңгейіне байланысты. Сана еркіндігінің мөлшері соған сәйкес болады. 

Сана еркіндігі – тұрақтылық ке­­пілі, қоғамның тұрақтылық эта­лоны. Егер еркіндік мөлшері қалыпты деңгейден асып кетсе немесе кеміп кетсе қоғамның дамуына кері әсер етеді.  Демократиялық үдерістердің, яғни сана еркіндігінің мөлшері қо­ғамның дамуына, яғни сана­ның тәрбиеленуіне сәйкес оң бағытта өзгеріп отыруы тиіс. Оны мұқият реттеуші тетік бол­ғаны абзал. Біз сияқты нарық­тық-демократиялық даму жолын­дағы жас мемлекет үшін бұл – қажеттілік.

Сана менталитетке тәуелді. Ол жылдар бойы қалыптасады. Біз­ге Американың немесе Еуро­па демократиясының түп­нұс­қасын көшіруге болмай­ды. Олар­да ға­сырлар бойы демокра­тия­лық қоғамның тезінен өткен аме­ри­калық сана еркіндігі, қалып­тас­­қан өзіндік менталитеті бар. Оны бізге көшіріп алып келсек,­ қоғам­дағы тұрақтылықты, қалып­ты жағдайды бұзуы мүмкін. Біздің кейбір «демократтарымыз» ха­лық­тың атынан «Халық шешуі ке­рек», «Халықтың таңдауы болсын» дегендей әңгімелерді көп айта­ды. Халықты жалау етеді. Бұл сана еркіндігінің қалыпты мөлшеріне әсер ететінін ойламайды. Түптеп келгенде, мұндай әрекеттер тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін екенін ескермейді. 

Ол ұрандардың да уақыты бірте-бірте келер. Ал бүгінгі уа­қыт­­­тың өз шындығы бар. Ежелгі Ұлы дала демократиясының не­гіз­гі қағидаларына кеңестік саясат­тың ықпалы әлі де байқа­лады. Қазірше регрессивті ру­шыл­дық, ұлтшылдық сана ба­сымдыққа ие екені анық. Де­мократиялық үрдістердің қоғам­да дұрыс қалып­тасуы, сана еркін­дігінің бірте-бірте артуы қо­ғамның тәрбиелену деңгейіне тікелей байланысты. 

Жоғарыда атап өткеніміздей, сана еркіндігі материалдық құн­дылық пен билікке тәуелді, яғ­ни басқару тетігінің негізгі құ­­­ра­лы болып отыр. Қоғамға тиім­­дісі, әри­не, билік тетігі, ал ма­териалдық тетік қоғамды бөл­­шектеп жіберуі айқын және со­ның нәтижесінде материалдық құндылық билік теті­гіне үстем­дік жасау қаупі орнайды да, мем­лекеттің қауіпсіздігіне нұқ­сан келуі әбден мүмкін.

Сонымен қоғамның тұрақты да­муы­ның, әсіресе  жас мемлекет­тер үшін демократиялық үдеріс­тер­дің міндетті түрде басқару тетігі болуы шарт және оның билік тарапынан басқарылуы аса ма­ңызды. Ал енді осы демократиялық жағ­дайлардың Қазақстандағы дең­гейі және қоғамның осы үде­рістерге әсері немесе оны қалай қабылдауы туралы ой жүгіртетін болсақ, оның оң сипатын аңғара­мыз.

Осы орайда елімізде демокра­тиялық үрдістерді жетілдірудің келесі қадамы – ауыл әкімдерінің сайлауы. Бұл құптарлық үдеріс. Келе­шекте аудан және облыс әкім­дерін де сайлап қоюымыз керек. Әкімдерді сайлау мандаты мәс­лихат депутаттарына берілуі – құптарлық жағдай. Халықтың тіке­лей дауыс беруі арқылы сай­лан­ған мәслихат депутаттары көп­шіліктің еркін білдіре алады. 

Біз халықтың санасы бүгінгі қоғамдағы демократиялық жағ­дай­д­ағы сайлауға қаншалықты да­йын екендігіне ерекше мән бе­руі­міз керек. Бүгінгі мәслихат депутаттарының құрамына назар салайық. Көпшілік өңірлерге тән бір мәселе бар. Депутаттардың ба­сым көпшілігі шағын және ор­та бизнес өкілдері. Бұл, жо­ға­рыда атап өткеніміздей, са­на еркіндігіне материалдық құн­дылықтың ба­сым­дығы әсер етіп отырғанын көр­се­теді. Депу­таттардың құра­мында зиялы қауым өкілдері мүл­дем аз, кей жер­лерде жоқ деп ай­туға болады. Бұл қоғамның дұ­рыс бағытта дамуына, сананын де­мо­кратиялық үдерістерге сәйкес қалыптасуына нұқсан келтіреді. Сондықтан болашақта жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлауды партиялық тізіммен өткізгеніміз дұрыс бола ма, деген ой келеді. Зиялы қауым өкілдерін де көбірек қамтуды ойластыратын кезең жетті. 

Қазіргі мәслихат депутаттары­ның басым бөлігі шағын бизнес өкіл­дері болып отырғандығы де­мо­кратиялық институттардың да­муына кедергі келтіруде. Са­на тәрбиесінде тосқауылдық-кер­тартпалық әрекеттерге итермелеу­де. Сана регрессивті тәрбиеленіп жа­тыр деуге болады. Мәслихат депутаттарының құрамында руханият өкілдерінің, яғни интеллектуалды топ – дәрігер, мұғалім, өнер-мәдениет қайраткерлері, жазушы-журналистер, заңгерлер, ғалымдар, жастар, мемлекеттік емес ұйымдардың және т.б. өкіл­дері тым аз болғандығының зияны шаш-етектен. Бұл топ – билік пен халықтың арасын байланыстыратын алтын көпір. Сонымен бірге мемлекеттік қызметке шыңдалған кадрларды даярлау мәселесі де ақсай бастайды деген ой белең алуда. 

Ал партиялық тізімді жасақ­тау­шылар бұл іске үлкен жауап­кершілікпен қарауы тиіс. Таң­дау барысында үміткердің тазалы­ғына, қоғамдық деңгейдегі жұ­мыс­тарымен елге танылуына кө­ңіл бөлген жөн. Сол сияқты, сауалдамалық ұстанымдарды алға тарта отырып, сараптама жа­саған дұрыс. Оны объективті өткізу ал­горитмін жасау да аса қиын емес. Яғни сайлау инс­титуттары (Сенат, Мәжіліс, мәс­лихат) арқы­лы елдегі таза адамдарды билікке жақындату – бүгінгі таңдағы ең өзекті мәсе­лелердің бірі. 

Сондай-ақ сайлау жүйесіндегі мәс­лихаттар институтының бү­гін­­гі таңдағы депутаттардың құ­­­­рамдық болмысына талдау жа­­сасақ, ойландыратын жағ­дай­лар баршылық. Ол неде? Де­пу­таттық құрамның басым бө­лігі, не­гізінен, қалталы азаматтар.­ Ал енді сол азаматтардың бір­қа­тары қарапайым ел мүддесінің қор­ғаушысы немесе қолдаушысы деп толыққанды айту қиын. Бұл мәселелер көп жағдайда тек сайлауалды бағдарламалар дең­гейінде ғана қалып отыр. Бүгінгі ақпарат беттеріндегі халықтың әлеу­меттік мәселелерінің қай­на­ған ортасында мәслихат депу­тат­тарының көрінбеуі де біраз жайт­тың бетін ашатындай. Бүгінгі таңда қарапайым ха­лық­тың ділі (менталитеті) қо­ғам­дағы өзгерістерге дайын­ болмай тұр. Өкінішке қарай мате­риалдық құндылықтарға тәуел­ділік сана құндылығынан ба­сым. Рулық сананың субъек­тив­ті­ліктің құралы болуы қоға­мы­мыздағы демократиялық инс­титуттарымыздың дамуына үлкен кедергі келтіруде. Себебі біз ауыл әкімдерін таңдауды мәслихаттарға берудің қадамдарын жасадық. Ертең аудан, облыс деңгейіне жет­кенде бұл үдеріске әсер ету мүм­кіндігіміздің шектелу қаупі де жоқ емес. Бұл дегеніміз – жергілікті аймақ­тардағы ұйымдасқан қыл­мыс­тық топтардың ықпа­лын­да кетіп қалу қаупін білді­реді. Сондықтан билікте демо­кра­тиялық институттарды назарда ұстау тетіктерінің болуы өте маңызды. Мәслихаттарда қара­пайым халықтан шыққан зиялы қауым өкілдерінің аздығы бола­шақта түйіткілдер туындатпасына кім кепіл?! 

Біз – дамушы қоғамбыз. Олай болса, экстремальды «дағ­дарыс­тық» жағ­дайларға төзім­ділігімізді қалып­тастыруымыз қажет. Ол үшін мәслихат инсти­тут­­тарының қоғаммен өте ты­ғыз қарым-қатынаста болуын қам­та­масыз етуіміз керек. Ал енді бүгін­гі жағ­дайда қарапайым ха­лық өкіл­­дерінің депутаттыққа сай­лану мүмкіндігі жоқтың қа­сында. Олар­дың жоғарыда айт­қан бизнесмендер секілді материалдық ресурсы жоқ. 
Не істеу керек? 

Меніңше, мұндағы мәселені шешудің бір-ақ жолы бар, ол – мәслихат депутаттарын сай­лау­­дың форматын Мәжіліс сай­лауындағыдай партиялық тізім арқылы өткізу. Партиялық тізімге енетін азаматтарды таңдау барысында объективті сараптау ар­қылы турашылдық таныта білсек, бұған партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын қамтамасыз етсек мәселені ең­се­реміз.

Демократиялық қоғам құру­дың басты құндылығының бірі онда өмір сүріп жатқан адамдарды заң талаптары шеңберіндегі сана еркіндігіне тәрбиелеуден басталады. Санамыздың еркіндік мөлшерін демократиялық институттар арқылы тәрбиелейік. Мәңгілік ел идеясымен жаңа дәуірге қарыштай қадам басайық. Тәуелсіз мемлекетіміздің жа­һан­дық демократиялық 30 ел­дің қата­рында болуына ат­салысайық.

Талжан РАИМБЕРДИЕВ,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ғылым және инновация жөніндегі вице-президенті,
техника ғылымдарының докторы, профессор 

Түркістан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу