Қазақстан • 14 Наурыз, 2018

Абай мен Ыбы­райдың мүсінін қашаған Бе­­лоу­совтар

1500 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Халқымыз рухани­я­ты­ның алып бәйтерегі ке­мең­гер Абайға көрнекті ес­кер­ткіш 1960 жылы Алматы қа­ласында орнатыл­ды. 

Абай мен Ыбы­райдың мүсінін қашаған Бе­­лоу­совтар

Ата­қ­ты мүсінші Хакімжан Нау­­рызбаев жасаған мүсі­н­де ақын басына тақия киіп, сол қолына кітабын ұстап, ша­панын желбегей жамылып өрлей жүріп келеді. Тас тұлғадан ақындығы да, даналығы да толысқан ой­шыл Абайды көреміз. Бі­туге жа­қындаған мү­сін­­ді шебер­ханада көр­ген Мұхтар Әуезовтің ес­кертпелерімен оны мүсін­ші­нің қайта жөндегені бел­­гілі. Қалай дегенмен мү­сінші халқының көңі­лін­дегі хакім, кемеңгер Абай­ды бейнелеп бер­гені аян. Мұнан кейін Абай­дың ескерткіші, мүсі­ні Қазақстанның қала­ла­рын­да, елді мекендерінде ор­натылды. Астанада, Семейде, Қарағандыда, Өс­кеменде ақынның биік ес­керткіштері бар. Еліміз тәу­ел­сіздік алғаннан кейін Абай ескерткіштері шетел­дер­де де орнатыла бас­тады. Қазір Мәскеу мен Таш­кентте ескерткіштері, Буда­пешт, Бейжің, Тегеран қа­ла­ларында мүсіндері тұр. 

Хакімнің еліміз қалала­ры­н­­­дағы ескерткіштері не­­гізінен оның тұрып тұр­ған, тұтас тұлғасын бе­реді. Жа­сыратыны жоқ, олар Абайдың Хакімжан Нау­рыз­баев мүсіндеген бейн­есі­не арқандалғандай, алыс кетпейтін секілді. Басында тақиясы, үстінде кең шапаны, шоқша сақалы бар ес­керткіштің барлығын Абай деп елестетеміз. Ал ақын­ның шетелдерде ор­натылған ескерткіштері мен мүсіндерін жасаған кей­інгі толқын мүсіншілер да­на ақынның бейнесін бе­ру­де өз қиялына ерік бер­ген­дей. Тіпті қытайдың мү­­сіншісі Юань Сикунь бей­нелеген Абай мүсіні бү­кіл әлем ойдан салған су­рет­терден қабылдайтын Кон­фуцийді елестете ме, қа­лай?.. 

Біздің мақсатымыз, Абай ескерткіштерін түген­деу емес, ақынның ерекше мүсіні туралы айтып бе­ру еді. Бүгінде Қостанай облы­сының Таран ауданы орталығында ақынның ес­керткіші тұр. 1962 жылы осы аудандағы «Абай» ке­ңшарының орталығына ор­натылған екен. 90-шы жыл­дары шаруашылық тарай­ды, Абай елді мекенінен еш­кім қалмай үдере кө­шеді. Сол кезде жұртта қал­ған ескерткішті аудан бас­­шылары әкеліп, Таран ауданының орталығына, әкі­мдік ғимаратының ал­ды­на қайта орнатыпты. Ав­торлары ерлі-зайып­ты Муза мен Леонид Белоусовтар қазір бұл дү­ниеде жоқ. Облыстық та­рихи және өлкетану му­зейіне тапсырған олар­дың же­ке архивіндегі мүсіннің ше­берханада дайын болған ке­зінде түсірген суреті ерік­сіз назар аудартады. Ба­сында тақия, үстінде тік жаға көйлек, иығына жа­ғалы киім жамылған, ая­ғы­на мәсі киген, тізесіне кі­табын қойып, малдас құ­рып, қалың ойда отырған ақын тілінің ұшына: «Қа­лың елім, қазағым, қайран жұр­тым...» деген жолдар орал­ғандай әсер береді. Тө­мен қарап отырған мү­сіннен көрермен хакім, фи­лософ Абайды жазбай та­ниды.

– Әкем Леонид Проко­пьевич: «Абайдың мүсі­ні­не өнертанушылар «ұлы фи­лософтың бүкіл құді­ре­тін ашып көрсеткен шы­ғар­ма» деген баға берген еді» деп айтып отыратын еді, – дейді қызы Наталья Леонидовна. 

Енді мүсіннің авторла­ры туралы бірер сөз. Му­за Александровна мен Ле­о­нид Прокопьевич Ре­сей­­дің Солтүстік Урал жа­ғын­да ту­ып-өскен. Ленин­град­та­ғы В.Мухина атын­да­ғы жо­ғары көркем-өнер­кә­сіп­тік училищесін 1958 жылы бітіргеннен кейін, жолдамамен екі жас қол ұстасып Қостанайға келеді. 1979 жылы Муза Александровна қайтыс болғанға дейін екеуі көптеген жұмыс жа­сайды. Соның ішінде Абай­дың, Ыбырайдың, Аман­гелдінің, Сұлтан Бай­мағамбетовтің, соғыс сол­датының мүсіндері де бар. Олардың жасаған мү­сіндері облыстың аудандары мен елді мекендеріне ор­натылады. Бір қызығы, сол ескерткіштер осы күнге дей­ін тұрса да, олардың ав­торлары ұмытыла бас­тап­ты. Мысалы, Абайдың да, Торғай кентінде тұр­ған Ыбырайдың да ескер­ткіш­терін кім жасағанын ек­і­­нің бірі біле бермейді, тіп­­­ті белгісіз болып кел­ген, тек музейде, Белоу­сов­тар­­дың қызының қолын­да қалған материалдардан анық­талды. Муза Алек­сан­дровна КСРО Сурет­ші­лер одағының мүшесі болады. Леонид Прокопьевич 2014 жылы 86 жасында бақилық болды. 

Халқымыздың қос рухани бәйтерегі Абай мен Ыбы­райдың тұлғасын қазақ­ша ойлап, жасаған Бе­­лоу­совтардың еңбегі қа­зір де таңғалдырады. «Біз мү­сіндерді жасағанда ба­тыр­дың да, ақынның да бет жүзінен ой іздеп, көп кі­діретін едік» дейді екен Ле­онид Прокопьевич қы­зы Натальяға. Абай ес­кер­т-
­кіш­іне қараған жан мү­сін­шінің бұл сөзіне иланары хақ.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ