Қазақстан • 14 Наурыз, 2018

Астана әуежайынан сұңқар тұқымдасына жататын құстар табылды

2087 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылы 9 наурызда «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында «Астана-Дубай» халықаралық бағытындағы жүк көлігін шекаралық тексеру кезінде тауар анықтамасы ілінбеген 3 қара сумкадан сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құстар табылды. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана әуежайынан сұңқар тұқымдасына жататын құстар табылды

13 наурыз күнгі Зоология институты мен Қазақстан биоалуан түрлікті сақтау қауымдастығы мамандарының бірлескен комиссиясының шешімімен, табылған құстардың ақсұңқар тұқымына жататындығы анықталды. Қазіргі уақытта тірі қалған 20 құстың күйі нашар, олар Алматыдағы «Сұңқар» орталығына жеткізілді.

Ақ сұңқар (лат. Falco rusticolus) - сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда тұрақты мекендемейді. Көкшетау, Өскемен, Алматы маңайын 12 жыл (1976-1988) ішінде 2 рет қана қыстайды.