Қазақстан • 14 Наурыз, 2018

Омбудсмен Сарыағаштағы жеті жасар балаға қатысты істі бақылауға алды

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы Ж. Баласағұн атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сыныбы оқушыларының бірінші сынып оқушысына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттерімен байланысты БАҚ-та жарияланған ақпараттар көпшілікті дүрліктірді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі.

Омбудсмен Сарыағаштағы жеті жасар балаға қатысты істі бақылауға алды

ОҚО-дағы 7 жасар баланы зорлау оқиғасына енді қоғам белсенділері араласты. ҚР Омбудсмені осы істі тергеудің ұзаққа созылғандығына алаңдаушылық білдірді. Осы себепті баланың құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті шара қолдану қажет деп есептейді. Сондай-ақ зардап шеккен балаға оның физикалық және психоэмоционалдық жағдайы бұзылғандықтан қажетті көмек көрсету мәселесі маңызды болып саналады. «Жоғарыда айтылғандарға байланысты бұл жағдай ҚР Омбудсменінің бақылауына алынды. Тиісті ресми сұраулар ҚР Бас прокуратурасына, Ішкі істер министрлігіне және БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жан-жақты әрекет ету шаралары үшін жіберілді»,-делінген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі тарақтан мәліметтерде.