Қазақстан • 14 Наурыз, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына барды

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев пен елімізге ресми сапармен келген Эмомали Рахмон «Назарбаев орталығы» көпфункционалды кешенінің бір бөлігі болып саналатын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасын аралап көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына барды

Мемлекеттер басшыларына Қазақстан Президенті музейі мен экспозициялық-көрме орталығының экспонаттары көрсетілді.

Соңында екі ел басшылары орталықтың интерактивті білім беру технологиясының заманауи мүмкіндіктерімен танысты.