Қазақстан • 14 Наурыз, 2018

Елбасы XII қысқы Паралимпиада ойындарында жеңіске жеткен Александр Колядинге құттықтау жеделхатын жолдады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XII қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль иеленген шаңғышы Александр Колядинді құттықтады.

Елбасы XII қысқы Паралимпиада ойындарында жеңіске жеткен Александр Колядинге құттықтау жеделхатын жолдады

«Бұл жарқын жеңіс Қазақстанның миллиондаған жанкүйеріне қуаныш сыйлап, еліміз үшін мақтаныш сезімін ұялатады. Сенің жетістігің Қазақстан спортының тарихына еніп, өскелең ұрпаққа лайықты үлгі болары сөзсіз», – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшыға зор денсаулық пен амандық тілеп, спортта жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.