15 Наурыз, 2018

Салынатын жатақханалардан өзге, қолданыстағы жатақханалар жөнделеді

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін МЖӘ қағидаларына негізделген, ЖОО-лар мен колледж студенттеріне арналған жатақханалар құрылысы мәселесіне арналған ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов ел студенттеріне жаңа жатақханалар салудан өзге, қазіргі пайдаланылып жатқан жатақханаларда жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Салынатын жатақханалардан өзге, қолданыстағы жатақханалар жөнделеді

А. Ибраимовтың айтуынша, студенттердің жатақханаларын жақсарту аясында «Қаржы орталығы» АҚ функционалы бүгінгі таңда бірінші  кезекте аталған тетіктің нақтылануына негізделеді: нормативтер, есептеулер, төлемдер жасау, әзірлеу, типтік келісімшарт жасасу.

«Бүкіл тетік бірізділік, бәсекеге қабілеттілік, теңгерімдік және тиісінше нәтижелілік қағидаларын сақтай отырып жүргізіледі», — деді қаржы орталығының басшысы.Ол сондай-ақ, жаңа жатақханалар салудан басқа, қолданыстағы тұрғын нысандарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

«Біздегі қазіргі пайдаланылып жатқан жатақханалардың неліктен осындай жоғары-амортизациялық жағдайда екенін айтар болсақ, бізде төсек-орындарының тапшылығы бар, амортизация жүріп жатыр.  Орын тапшылығы мәселесін шешкен кезде, күшейіп кеткен амортизация мәселесі өздігінен жойылады. Жоспарлы жөндеу жұмыстары талаптар мен стандарттарға сәйкес жүргізілетін болады», — деп қорытындылады спикер.