Аймақтар • 16 Наурыз, 2018

ШҚО-дағы Катонқарағай ауданында ерекше ат жарысы ұйымдастырылды

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бошай Кітапбаевтай әйгілі атбегі туған төр Алтайдың баурайындағы Катонқарағай ауданында ерекше ат жарысы ұйымдастырылды. 

 ШҚО-дағы Катонқарағай ауданында ерекше ат жарысы ұйымдастырылды

Ерекшелігі сол, жүйріктер аппақ қардың үстінде аламанның көрігін қыздырды. Иә, бұл күні аудан орталығы – Үлкен Нарынның ір­ге­сіндегі «Тайжирен» ат­ша­ба­рына 8 ауылдық округтің шабондоздары жиналып, 3 қа­шық­тықта қыл құйрық­ты­ла­рының бабы мен бағын бай­қа­ды. Аудандағы шаруа қо­жа­лықтарының ұйытқы болуымен өткен сайыста тайлар 2,5, аттар 5, 10 шақырымға жіберілді. Тай жарысында кіші Нарынның «Күреңі» оза шапса, 10 шақырымдық бәйгеде катонқарағайлық сәйгүлік «Фантастика» топ жарды. «Катонқарағайлықтар облыста алғаш болып бәйге маусымын ашты десек артық айтпаспыз. Бұл жарысты осы жазда жалауы желбірейтін түрлі атаулы сайыстарға әзірлік деп қа­был­даса да болады. Алда­ғы уа­қытта Астананың 20 жыл­ды­ғына, Қатонқарағайдың 90 жылдығына арналған бәйге­лер ұйымдастырылады», – дейді аудан әкімінің орынбасары Ренат Құрмамбаев.

Азамат ҚАСЫМ, 
«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы