Әлем • 16 Наурыз, 2018

Сенаторлар Ресейдегі президент сайлауына мониторинг жүргізуге қатысады

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Ресей Федерациясындағы 2018 жылғы 18 наурызға белгіленген президент сайлауына мониторинг жүргізуге қатысады. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар Ресейдегі президент сайлауына мониторинг жүргізуге қатысады

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы байқаушылар миссиясының құрамына сенаторлар Ғұмар Дүйсембаев, Еділ Мамытбеков, Нариман Төреғалиев енген болатын.

Депутат Михаил Бортник сайлауды байқауға ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы атынан қатысады.

Сенаторлар Рашит Әкімов, Сәуле Айтпаева, Владимир Волков, Дулат Құсдәулетов, Төлеубек Мұқашев ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясында сайлаушыларды байқау жөніндегі жұмыстарға кіріседі.

Қазақстан Парламенті жоғарғы Палатасының депутаттары Мұхтар Жұмағазиев, Бақытжан Жұмағұлов, Сергей Плотников, Бақтыбай Шелпеков Ресей Федерациясы Федерация Кеңесінің шақыруы бойынша сайлауды байқауға қатысады.

Сенаторлар Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Қорғандағы сайлау учаскелерінде болуды жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше