Қазақстан • 16 Наурыз, 2018

Дәурен Абаев: Аға буынның ақылы мен жастардың жалыны телевизияны алға жетелейді

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада өткен «Тұмар» бәйгесінің салтанатты рәсімінде жеңімпазға 2017 жылғы «Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы» номинациясын табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Дәурен Абаев: Аға буынның ақылы мен жастардың жалыны телевизияны алға жетелейді

2017 жылғы «Телевизиялық маусымның үздік оқиғасы» номинациясын - «Хабар» арнасының «Ұлттық музыкалық жүлде» жобасы жеңіп алды. Арна басшылығына марапатты Дәурен Абаев табыс етті.

«Менің алдымда айтылған жылы лебіздерге шын жүректен қосыламын. Біз ең алдымен ардагерлерімізді құрметтеп, «Тұмар» номинациясын беріп, журналистикада жүрген мамандарымыздың дәрежесін көтергіміз келеді. Қазақта «Жүйрікке тұмар» деген сөз бар. Ол сондай, жүйріктер ешқашан сүрінбесін, көз тимесін деген оймен айтылған сөз. Сондықтан, бәйгелерімізге ешқашан көз тимесін. Бүгін аға буын мен жас буын осында бас қосып отыр. Жастардың бойындағы жалын мен жас буынның зор тәжірибесі - отандық телевизияның жарқын болашағына бастар деген сенімдемін», - деді министр.

Салтанатты рәсімде «Үздік режиссерлік жұмыс» номинациясы бойынша - Қуаныш Оразалиевтің «Было дело» режиссерлік жұмысы үздік деп танылды.

«Үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша - «Наедине с природой» бағдарламасымен «Қазақ ТВ» топ жарды.

«Жылдың үздік тележурналисі» номинациясын «Хабар» арнасынан Асхат Ниязов, ал «Жылдың үздік тележүргізушісі» марапатын Дана Нұржігіт жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше