Қазақстан • 17 Наурыз, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Халық Республикасының Төрағасы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Akorda.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

Қазақстан Президенті бұл оқиғаны елдің ұлттық мүддесін ілгерілету ісіне зор үлес қосқан Си Цзиньпинге Қытай халқының жоғары бағасы ретінде атап өтті.

– Қытай Сіздің басшылығыңызбен орташа ауқатты қоғам құру жолында бұдан да биік шыңдарды бағындыратынына сенімдімін. Келешекте Қазақстан мен Қытайдың түрлі салалардағы стратегиялық әріптестігі қарқынды дами беретініне және халықтарымыздың достығы одан әрі нығая түсетініне еш күмәнім жоқ. Осыған орай өзара сенім мен түсіністікке негізделген біздің жеке достығымыздың маңызы ерекше. Арамыздағы қарым-қатынастарымыз бен бірлескен жұмысымыз келешекте Астана мен Пекиннің жемісті ынтымақтастығының берік тірегі болатынына кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық, бақ-береке тілеп, достас Қытай халқының өркендеуі мен дамуына ниеттестік білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше