Қазақстан • 17 Наурыз, 2018

Қазақстан ЭЫДҰ Болат комитетіне қабылданды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан Республикасының Болат комитетіне қосылу туралы өтінішін қабылдады, деп хабарлайды  Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан ЭЫДҰ Болат комитетіне қабылданды

mfa.kz

 

«2017 жылғы 28-29 қыркүйектегі Қазақстанның болат саласындағы саясатына шолу қорытындылары бойынша Болат комитеті ЭЫДҰ Кеңесіне Қазақстанды қауымдастырылған мүше ретінде шақыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бүгін ЭЫДҰ өтінішті мақұлдағаны белгілі болды», делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері Қазақстан тарапы аталған Комитет мүшелігіне қабылдану бойынша 5 жылдан бері қажырлы еңбек етіп келгенін айтады.

«ЭЫДҰ Болат комитетіндегі қатысу мәртебесінің артуы Қазақстанның саладағы тенденцияларды бақылауын мейлінше жеңілдетеді. Сондай-ақ, ЭЫДҰ еншісіндегі мол зерттеу-талдау материалдарына шектеусіз қолжетімділікке ие болдық», дейді ИДМ қызметкерлері.

ЭЫДҰ 1961 жылы құрылған, Ұйымға 35 мемлекет, соның ішінде Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Жапония және Аустралия мүше. Әлемдік болат өндірісінің 45%-і, ал экспортының 75%-і дәл осы ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің үлесіне тура келеді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше