18 Наурыз, 2018

18 наурызға арналған ауа райы болжамы

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, бүгін атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылып тұрады. Кей жерлерге қар жауады. Елімідің оңтүстік бөлігінде ғана тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғады.

 

18 наурызға арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, түнде кей жерлерде жел күшейеді, күндіз елдің басым бөлігінде желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Қостанай облысының жекелеген аймақтарында көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болып, түнде тұман түседі. Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Ақмола облыстарында түнде, таң ата және күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде тұман түседі.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының бірқатар аумақтарына тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.