Жұмбақтап сөйлеу

Сөйлеу мәдениетінің асыл қырлары – әдептілік, әсемдік, әуезділік, әсерлілік. Ойлау мен сөйлеу үдерісі тектес, сабақтас құбылыс болғандықтан, топ алдында суырылған шешеннің салыстырып, ұқсатып сөйлеуі ой тереңдігін, өмір тәжірибесінің молдығын көрсетсе, екіншіден, тапқыр, өткір, ересен теңеулеру мен меңзеулері тыңдаушының ойын, қиялын, дүниетанымын, ғибратпен толықтырады.

Егемен Қазақстан
19.03.2018 2511

Ыбырай Алтынсариннің «Орынбор ведомоствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» дейтін еңбегіндегі (1879): «Бір қазақтың бес ұлы болыпты. Олардың аты: Көл, Қамыс, Қасқыр, Қой және Пышақ екен. Бір күні келіні суға барса, көлдің ар жағында, қамыстың бер жағында қасқыр қойды жеп жатыр екен. Сонда келіні ауылға жүгіріп келіп:

«Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр, тезірек жанығыш пен кескішті жеткізіңдер» дейтін тәмсіл ел ішінде мәшһүрлігімен аян. Бұл – жұмбақтап, ишараттап, нақты жайттарды ұқсастыққа ие құбылыстармен салыстырып сөйлетудің таза классикалық үлгісі, қазақ халқының сөйлеу, ойлау мәдениеті тарихындағы астарлап айтатын ғибратты қағидаты.

Әз Жәнібек хан аңшылықпен жүргенде елсізде бір күркеге кез болады. Хан күркеге басын сұқса, алтын тарақпен бұйра шашын тарап бір қыз отыр екен. Қыз:

– Апыр-ай, бір ауыз сөзге келмей жетіп келдіңіз-ау, соған қапаланып қалдым-ау! – деп, орнынан ұшып түрегеледі.

Хан:

– Атаңыз қайда? – деп сұрайды. Қыз: Алты аяқтымен аңға кетті, – дейді. Хан: – Анаңыз қайда? – дейді. Қыз: – Сегіз аяқтымен дәмге кетті, – дейді де: – Өзіңіз кім болдыңыз? – деп сұрайды. Хан: – Мен Әз Жәнібек хан боламын, – дейді.

Екеуара әңгімені Әз Жәнібек хан үйіне оралып, билеріне айтады. Өзі де, оның билері де қыздың бұл сөзін жыға түсінбейді. Хан бұл сөздің шешуін жас жігіт Жиреншеден сұрайды. Жиренше:

«Қыздың әкесі бір құс, бір тазы ертіп аңға кеткен екен. Шешесі буаз інген мініп тұзға кеткен екен» депті. Хан қызығып, қызға жаушы жібереді. Әкесі қызын ханға бермек болады. Қыз әкесіне:

– Беріңіз, тек қалың малымды өзім сұраймын. Менің қалың малыма он бес лақ теке, жиырма бес қошқар, отыз бес бұқа, қырық бес айғыр, елу бес бура, алпыс ақ бас атан берсін! – дейді. Жаушы қыздың осы сөздерін айтып қайтып келеді. Хан сөз астарын түсінбей, сұрағандарын әзірлетіп жатады. Бұл хабарды іле-шала естіп, ханға Жиренше:

– Қыздың сөзі сыр мен құпияға толы. Оның мағынасы: он бес – лақ текедей едің, жиырма бес – қойды иірген қошқардай едің, отыз бес – өкіретін бұқадай едің, қырық бес – азынайтын айғырдай едің, елу бес – күркіреген бурадай едің, алпыс – атан болдың дегені, – депті. Хан райынан қайтып, Жиреншеге бір тұлып алтын апарып беріпті деседі кәрі құлақ қарттар.

Отыншы би жақсы-жайсаңдардың басы қосылған жерде, олардың ақыл, парасат, ойшылдық, тапқырлық деңгейін сынау үшін:

Қандай тауда киік жоқ?

Қандай ағашта жапырақ жоқ?

Қандай суда балық жоқ?

Қандай отта түтін жоқ?

Қандай адамда есім жоқ?

Қандай малда ие жоқ?

Қандай сиырда бұзау жоқ?

Қандай қалада адам болмайды?

Қандай нәрсе жоғары жүреді?

Қандай нәрсе төмен жүреді?

Қандай нәрсе бауырымен жүреді? – деп, он сұрақ қойып терең ойға шомдырған екен.

Сонда тапқырлық, шешендік өнерімен аңызға айналған Қайрақбай:

Қоңыраулы тауда киік жоқ.

Қу ағашта жапырақ жоқ.

Құдық суында балық жоқ.

Сайтан отында түтін жоқ.

Залым адамда дос жоқ.

Іштегі ботада есім жоқ.

Дала малында (аңдарда) ие жоқ.

Еркек сиырда бұзау жоқ.

Бұзылған қалада адам жоқ.

Түтін жоғары өрлейді,

Су төмен ағады.

Жылан бауырымен жүреді, – деп, жұмбағын шешіпті. (Сәнік Зейнолла. Көптомдық шығармалар жинағы. Алматы, 2017. Т.6. 149-150 беттер).

Дарабоз ділмардың дана кеудесінен сыңғырлап төгілген дүрлерден оның тұтас тұлғасы, адамгершілік, біліктілік болмысы, ішкі мәдениеті, рухы, психологиясы, мінез-құлық сипаты ақыл, ой қуаты, шынайылығы, әділдігі, тәжірибесі айқын танылады. Және де әлеумет алдында айтылған толғамы терең, талғампаздықпен, мақсаткерлікпен, сыншылдықпен, әрі шебер кестеленген айбарлы, затты, күйлі сөздің күші еселене, көркейе түседі. Бұл мезетте ақылы терең шешеннің айқын дауыс мәнері де аса әсерлі болмақ. Сөйлеу мәдениетінде ой мен сөздің даналық, ізгілік, көркемдік қырлары жойқын әсерге бөленіп, өміршең, жасампаз құбылысқа айналады.

Арың таза, ақылың болсын,

Сөзің алтын, асылың болсын!

Биікке құлаш сермесең,

Мұратқа жетесің.

Ел тағдырын ойласаң,

Рахатқа жетесің – деп, Байқотан бидің Шалғынбай төреге айтқанында ұлы билердің биік ұстанымы дәйектелген.

Аузы дуалы шешен-билер ой мен тіл бәсеке-жарысында жұмбақтап сөйлеуді тапқырлық пен ізгілікті қарым-қатынас құралына айналдырды. Жұмбақтап сөйлеу қазақ шешендігінің, сөз өнерінің асыл қазынасы, абзал қыры болып қала бермек.

Серік НЕГИМОВ,

филология ғылымдарының докторы, профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.04.2018

Астанадағы сенбілікке 140 мыңнан астам қалалық қатысты

22.04.2018

Қостанайда мемлекеттік қызмет аллеясы болады

22.04.2018

Мақтарал аудандарында абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

22.04.2018

Қостанайда болашақ жаңа қаланы дамыту ісі қаралды

22.04.2018

Оралда өрт қауіпсіздігін сақтамаған ойын-сауық және сауда орталығы бір айға жабылды

22.04.2018

Қостанай облысында 21-ші цифрлы  технологиялық IT кабинет ашылды

20.04.2018

«Smart Zholy» бағдарламасының үздік стартап жобалары анықталды

20.04.2018

23-26 мамыр күндері Астанада «KADEX - 2018» көрмесі өтеді

20.04.2018

Денсаулық сақтау министрі Орал қаласында

20.04.2018

Заңнамаға архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер қаралды

20.04.2018

Дубайдағы инвестициялық кездесуде ОҚО-ның инвестициялық өсу драйвері зерттелді

20.04.2018

Ақтөбеде зиянды қалдықтар тасқыны толастар емес

20.04.2018

ТҮРКСОЙ Шыңғыс Айтматов жылын ашты

20.04.2018

Арсен Венгер «Арсеналдан» кететін болды

20.04.2018

Алматы облысында тау жыныстарының қозғалуы тіркелді

20.04.2018

Петропавлда спорт колледжі ашылады

20.04.2018

Алматыда Парламент Мәжілісінің депутаттары жатақханаларды аралады

20.04.2018

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

20.04.2018

Солтүстік Қазақстанның жас суретшілері халықаралық байқауда топ жарды

20.04.2018

Оңтүстікте ХҚКО арқылы 10 миллионнан астам қызмет көрсетілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Кісілік әліппесі

Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ауылдарды сақтаудың амалы қайсы?

Ауыл халқы азайып барады. Неге? Ешкім­ге ештеңенің керегі жоқ болып кеткен бүгінгідей заманда ол жағын ойлап бас қатырып жатқан да бірде-бір жан жоқ. Бар айтатын уәждері – урбанизация. Бір есептен ол да дұрыс шығар. Қалаларға қарай жа­қындаса ауыл қазақтары да өркениетті өмір­ге араласады, өзгелермен бірге қазіргі за­ман­­ның игіліктеріне ортақтасады. Бірақ... 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Қайырымдылық көмектің қайыры болады

Табиғат апатына немесе соғыс, қарулы қақтығыс салдарынан күйзеліске ұшырап, аштыққа, босқыншылыққа тап болған елдерге қайырымдылық көмек көрсету – халықаралық қоғамдастықтың игі шарала­ры­ның бірі. БҰҰ-ның Халықаралық соты ондай көмектердің азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек түрінде болуын, қару-жарақ түрінде берілмеуін қатаң бекіткен.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тағам сыры: аурудың алдын алу мүмкін бе?

«Ас – адамның арқауы» деп кішкен­тай­ымнан естіп өскен адам ретінде, та­мақ жемесе адамның күші болмайды, жұ­мыс істеуге, өмір сүруге энергиясы жетпейді деп ойлайтынмын.  Бірақ ас­тың да асы бар, оның пайдасы мен зияны туралы шы­найы да, өтірік те, ойдан құрас­ты­рыл­ған да әңгімелерді көп естіп, кейде білмегендіктен сеніп те қалып жүреміз.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматы: Шағын ауданның астарлы ақиқаты

Алматыда аты жоқ, бірақ, нөмір­­­лен­­ген 12 шағын аудан бар. Шын­туай­­тында, олар 12 емес, барлығын қос­­қанда – 13. Қала сәулетіне билік жүр­гізуші партия қызметкерлері, сірә, жобалау үстінде «шайтанның 12-сін» сес­ көрген-ау, ақырғы шағын ауданды – 10 «А» деп белгілепті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу