19 Наурыз, 2018

Дмитрий Журавлев: Үлгі болар бастама

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың ұсын­ған бес әлеуметтік бастамасын іске асы­ру «әлеуметтік мемлекет» жө­ніндегі конституциялық норманы жаңа мазмұнмен толықтырады.

Дмитрий Журавлев: Үлгі болар бастама

Президенттің жаңа әлеуметтік бастамалары адамдарды жаңа экономикадағы лайықты қыз­мет­керлерге айналдырады. Сондай-ақ халықтың өмір сүру дең­гейін көтеріп, білім беру­дің жо­ғары сапасын қалыптас­ты­ра­ды. Бұл басқаларға үлгі болатын бастама.

Менің ойымша, алдағы уақытта Қазақстан өмір сүру деңгейі бойынша көшбасшы елге айналады. Бұл Мемлекет басшысының жаңа бастамаларының тиімділігінің арқасында мүмкін болмақ. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Үндеуі арқылы нақты міндеттерді күн тәртібіне шығарып отыр.

Дмитрий ЖУРАВЛЕВ,

Өңірлік мәселелер институтының бас директоры (Ресей)