Қуаныш Айтаханов: Мақсат – халық тұрмысын жақсарту

Мемлекет басшысы халық­тың әлеуметтік мәселелеріне тұрақты түрде мән беріп келеді. Жуырда Парламент мінберінен халыққа арнаған Үндеуінде Елбасы «Мен халқымның өз келе­шегіне сеніммен қарауы үшін еңбек еттім, қазір де, бола­шақта да осы мақсат жолында жұмыс істей беремін» – дей келе, Қазақстанның қуат­ты мемлекетке айналғанын, эко­но­микамыздың ауқым­ды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін, халқымыздың әлеумет­тік мәселелерін шешу мемле­ке­тіміздің ең басты бағыты екенін атап көрсетіп, енді өзінің талайдан бері көкейінде жүрген әрбір қазақстандық азаматтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған жаңа ауқымды 5 әлеуметтік бастамасын ұсынып отырғанын айтты.

Егемен Қазақстан
19.03.2018 1173

 Бұл бастамалардың қайсысын алсаңыз да ең алдымен қарапайым халықтың игілігін арттыруға бағытталған. Қазақта «үйі жоқтың – күйі жоқ» деген сөз бар. Адамның алаң­сыз өмір сүріп, еңбек етуі үшін ең қажетті нәрсе ол – баспана. Елімізде тұр­ғын үй мәселесін шешу үшін «Қол­жетімді тұр­ғын үй-2020», «Нұрлы жер» бағдарлама­лары іске асыры­луда. Тек өткен 2017 жылы елімізде 11 млн шаршы метр­ден астам тұрғын үй пайда­лануға берілді. Алайда, бұл бағ­дарламаларда қойыл­ған шарттарды төмен табысы бар отбасылардың орындауға мүмкіншіліктері жоқтың қасы. Себебі ипотекалық несиенің пайыздық мөлшері мен тұрғын үй алу үшін төленетін бастапқы жарна мөлшері жоғары. Әр­қа­шан ел қамын ойлайтын Ел­басы өзі айтқандай, көптен ойланып-толғанып, әрбір от­басына баспана алудың жаңа жеңілдетілген мүмкіндіктерін беру жолдарын ұсынды. Несие өсімінің мөлшерлемесін 7% немесе қазіргіден 2 есеге төмен­детіп, банктерге төленетін бас­тапқы жарна мөлшерін 1,5-2 есеге арзандатып, оны баспана құнының 20%-на түсіріп, несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін, оның мерзімін 10-15 жыл емес, 2 есеге, яғни 25 жылға ұзартуды ұсынды. Елбасы ұсынған жеңілдетілген бағдарлама бойынша еліміздің әрбір азаматына баспана алу қазіргімен салыстырғанда 2 есеге арзанға түседі.

Екінші ұсынылып отырған бастама – жалақысы төмен азамат­тардың 2019 жылдың 1 қаң­тарынан бастап, салық жүкте­месін 10 есеге азайтып, 1%-ға түсіру. Бұл 2 млн-нан астам аза­маттың жалақысын, жұмыс берушіге салмақ сал­май-ақ 9%-ға көтеру деген сөз. Салық жүктемесін азайту ха­лық­тың әлеуметтік жағдайын жақ­сар­тады, бизнеске жеңілдіктер бе­реді. Ал, Елбасының Үкі­мет­ке берген прогрессивтік са­лық жүйесіне енгізуді зерделеу тап­сыр­масының арқасында салық сая­сатындағы әлеуметтік теңсіздікке тосқауыл қойылады, әлеуметтік әділеттілік нығая түседі.

Үшінші бағыт – жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханамен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында алдағы оқу жылынан бастап қосымша 20 000 грант бөлу немесе грант көле­мін 37%-ға өсіру және алдағы 3-4 жылда қосымша 75 000 орын­дық студенттер жатақханасын салу. Бұл жастарымыздың дамуына қажетті мамандықтарды тегін алуына жол ашады. Ал студент жас­тарды жатақханамен қам­та­­масыз ету, әсіресе ауыл жас­тары­ның жағдайын жақсарта түседі.

Ал өзін-өзі қамтамасыз етушілер мен жұмыссыздар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту және жұмыссыздықты азайтып, халықтың әл-ауқатын көтеруге 2018 жылы қосымша 20 млрд теңге бөлініп, шағын несиелердің жалпы сомасы 62 млрд теңгені құрайтын болды. Яғни, шағын несие алушылардың саны өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейіп, 14 мың адамға жеткізіледі. Бесінші теңдесі жоқ бастама, ол Қызылордадан Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Астана қалалары бағытына газ құбырын тартып, еліміздің орталық, солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз ету. Теңдесі жоқ дейтінім қазақтың сайын даласымен Бетпақдала мен Сарыарқа арқылы мыңдаған шақырым газ құбырын тарту оңай шаруа емес. Ол тек дамыған, экономикасы мықты, басшысы ел қамын ойлаған елдердің ғана қолынан келеді. Бұл алып, әлеуметтік және экологиялық маңызы ерекше, миллиондаған тұрғындардың тұрмысын жақсартатын бағдарламаны орындауға біржарым жыл мерзім беріліп отыр.

Елбасымыздың халыққа арнаған Үндеуіндегі 5 әлеу­мет­тік бастамасы қаржы көз­дері жан-жақты зерделеніп, есеп-қисабы мұқият есептелген, мақсат- міндеттері анықталған, орындау мерзімдері көрсетілген нақты әлеуметтік бағдар­лама. Негізінен бұл жағдайы төмен азаматтардың, әсіресе жастардың проблемаларын шешуге бағытталған. Бүгінде қарапайым халыққа керегінің өзі де осы. Сондықтан да бұл әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына бәріміз бірдей атсалысуымыз керек.

Қуаныш Айтаханов,

экономика ғылымдарының докторы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.05.2018

Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшылары екінші рет кездесті

26.05.2018

Астанада «Қолөнер – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты шеберлік сыныбы өтті

26.05.2018

Қазақстанның барлық балалары ТОКАМАК ғылыми орталығымен танысулары қажет - Даниал Ахметов

26.05.2018

150-ден астам студент Ақтөбе облысы әкімінің шәкіртақысын иеленді

26.05.2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

26.05.2018

«Тоғызқұмалақ» мобильді қосымшасының авторы арнайы марапатқа ие болды

26.05.2018

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Оңтүстік Қазақстанға экскурсиямен барды

26.05.2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

26.05.2018

Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында жерлестер форумы өтті

25.05.2018

Азия ойындарында жүлдегер атанды

25.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25.05.2018

Алакөлге 15 маусымнан бастап пойыз жүреді

25.05.2018

Қармақшы ауданында жаңа мектеп пен балабақша ашылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысындағы технологиялық жаңғыртумен танысты

25.05.2018

Атырау облысында бес мыңнан астам мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Премьер-Министр Рудный студенттерімен кездесті

25.05.2018

БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

25.05.2018

Соңғы қоңырау сыңғыры

25.05.2018

Қызылорда облысында қосалқы станцияның құрылысы аяқталды

25.05.2018

«Сыр дарыны» медалімен марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу