19 Наурыз, 2018

Қарағандыда 150 домбыра күй төкті

567 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасындағы «Таир» және «Алтын арба» ірі сауда үйлерінде қаладағы ЮНЕСКО клубы №2 өнер мектебінің оқушылары музыкалық флеш-моб ұйымдастырды.

Қарағандыда 150 домбыра күй төкті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен домбырашылар флеш-мобына 150 өнер­лі жас қатысып, қазақтың әйгілі ком­позиторларының күйлерін тамылжыта орын­да­ды. Дарынды балалардың арасында ха­лық­аралық, республикалық, облыстық жә­не қа­лалық байқауларда жүлдегер атанған өнер­паз­дар болды.

Қала тұрғындары мен қонақтары жас домбырашылардың өнеріне аямай қол соқса, қоғамның белсенді мүшелері бұл флеш-мобты Қарағандының рухын аспандатқан шарапатты шара деп бағалады.

Айта кету керек, қалалық қосымша білім бе­ру ұйымы ұйымдастырған мәдени маңызы зор бұл шара «Үкілі домбыра» байқауының шең­берінде өткен болатын. Ал қалалық кон­курстың өзі Қарағандыда осымен екінші рет ұйым­дастырылды. Байқауда С.Мүржанов (№17 ОМ), Ж.Самарқан (№6 ОМ), Д.Шаматаев (№54 ОМ) және №36 орта мектептің домбырашылар ан­самблі түрлі аталымдар бойынша бас бәйге ие­герлері атанды.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ