Экономика • 19 Наурыз, 2018

АХҚО делегациясы жұмыс барысымен  Мальтаға барды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) делегациясы байланыс орнату және қаржылық қызметтер нарығын дамыту тәжірибесін зерделеу мақсатында Мальта Республикасына барды. Мальта Еуропа Одағының икемді реттеуші және салық тәртіптемесі бар қарқынды дамып келе жатқан қаржы орталығының бірі болып табылады.

АХҚО делегациясы жұмыс барысымен  Мальтаға барды

АХҚО Басқарушысы Қ. Келімбетов Мальта Республикасы Үкіметі өкілдерімен, «Malta Financial Services Authority» қаржы нарығы реттеушісінің басшылығымен, «Finance Malta» және «Fund Industry Association» қаржы ұйымдарымен, сонымен қатар Мальта қор биржасымен келіссөздер жүргізді.

Бұдан басқа, сапар барысында мемлекеттік органдардың, соның ішінде Мальта резиденттерін тіркеу агенттігінің (Malta Residency Visa Agency) және «Henley&Partners», «Chetcuti Cauchi Advocates» жетекші заңгерлік фирмалардың өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Өткізілген кездесулер мен келіссөздер нәтижесінде тараптар ақпарат алмасуға, АХҚО-ны дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары бойынша бірлесіп семинарлар, дөңгелек үстелдер және іс-шараларды өткізуге уағдаласты.