Әлем • 20 Наурыз, 2018

Берік Имашев РФ президентін сайлаудағы жұмыс қорытындысына арналған іс-шараға қатысты

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2018 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Ор­талық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев Ресей Федерациясы президентінің сайлауындағы ТМД байқаушылары миссиясының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясына қатысты.

Берік Имашев РФ президентін сайлаудағы жұмыс қорытындысына арналған іс-шараға қатысты

Баспасөз-конференциясы Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының Ақпарат орталығында болды.

Байқаушылар миссиясының басшысы, ТМД Атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Виктор Гуминский 18 наурызда болған Ресей Федерациясы президентінің сайлауы таза, ашық, заңды өткенін мәлімдеді.

Қазақстан ОСК төрағасы Б.Имашев ТМД байқаушылары миссиясының құрамында 136 қазақстандық байқаушы Ресей Федерациясының 23 субъектісінде сайлауды байқауға қатысып, ТМД байқаушылары миссиясы баға бергенде пікірлері ескерілгенін мәлімдеді.

– Ресейлік сайлаушылар электораттық, құқықтық және саяси мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетті. Біз РФ ОСК тарапынан сайлау рәсімдерін кәсіби ұйымдастырудың, барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының іс-әрекетін анық үйлестірудің, орталық және жергілікті басқару ұйымдарының, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен нәтижелі өзара әрекеттестіктің куәгері болдық.

Біз үшін «Сайлау түні-2018» онлайн марафонын ұйым­дас­тыру мен өткізу тәжірибесі қызықты болды, – деді Б.Имашев.

ТМД байқаушылары миссиясының мәлімдемесі он күннен соң жарияланатынын атап өту керек.

«Егемен-ақпарат»