20 Наурыз, 2018

Жас журналистерге арналған «Егемен Академиясы» жобасы іске қосылмақ

484 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газетінің бұл жобасы төртінші билік өкілі болғысы келетін жас мамандарға арналған. 

Жас журналистерге арналған «Егемен Академиясы» жобасы іске қосылмақ

«Егемен академиясы» – Медиа қызметкерлеріне және студенттеріне білімін шыңдауға, біліктілігін арттыруға және заманауи трендтермен танысуға мүмкіндік беретін оқу алаңы. 

Жобаның мақсаты – қазақтілді басылым мамандарының білімін арттырып, салалық журналистикаға бейімдеу, сондай-ақ өзекті тақырыптар төңірегінде талқылау алаңын кеңейту.

Жоба келесі міндеттерді атқарады:

  • Журналистика мамандығында оқитын жастардың білімін шыңдау;
  • Өңір журналистерінің біліктілігін арттыру;
  • Салалық тақырыптар бойынша мамандардың қатысуымен лекция мен семинар өткізу;
  • Қоғамда болып жатқан өзекті тақырыптар бойынша дискуссия алаңын ұсыну;
  • Қазақ журналистикасы мәселелерін көтеру.

Форматына келер болсақ, «Егемен Академиясы» үздіксіз қызмет етеді және оның шаралары тікелей эфирде Egemen.kz сайтында және әлеуметтік желілерде көрсетіледі. Жоба үш айдан тұратын курстарға бөлінген. Әр курс аяқталған кезде өткен сабақтар бойынша танымдық мақала, эссе және сараптамалық материал жазған белсенді қатысушыларға арнайы сертификат табысталады.  Жоба шаралары: шеберлік сағаты, лекция және семинар, тренинг және дискуссия түрінде өтеді.

Алғашқы маусым үстіміздегі жылдың 29 наурызында басталмақ. Қатысамын деушілер жобаның www.egemen.academy сайтына кіріп, тіркеле алады.

Сұрақтар бойынша +7 7172 37 60 74, +7 7172 37 56 80 нөмірлеріне қоңырау шалып, [email protected] электронды поштасына жаза аласыздар.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше