Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

ТЖД балаларға көктемде мұз үстінде ойнаудың қауіпті екенін ескерті

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында белсенді түрде су тасқынына қарсы іс-шара жүргізіліп жатыр. Бүгін қала әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты брифинг өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

ТЖД балаларға көктемде мұз үстінде ойнаудың қауіпті екенін ескерті

Бүгінгі брифингке қатысқан Астана қаласы ТЖД-нің төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің басшысы Еркін Отарғалымұлы ата-аналарды көктемгі каникул кезінде балалардың Есіл өзінде ойнамауын қадағалауды ескертті. Өзен мұзы жұқарған. Балалар туындаған қауіпті ескеріп, болған жағдайда тиісті әрекет жасай алмай қалуы мүмкін. Жалпы көктемде мұз үстіне шығу өте қауіпті.

«Қазіргі кезде өзен мұзы бір жерде қалың, бір жерде жұқа. Астыңғы жағынан су шаю арқылы мұз жұқарған. Сол себепті әсіресе көктемгі каникул кезінде балалардың мұз үстіне шықпауын қадағалаған жөн. Ойын баласына абай болыңыздар», - деді Еркін Отарғалымұлы.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше