Қазақстан • 20 Наурыз, 2018

Астанада қылмыс саны екі есеге төмендеді

235 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астана әкімдігінде апта сайын болатын аппараттың кезекті отырысында үлестік құрылыс, жылу маусымы, құқық тәртібі мен көшелерді тазалау мәселелері қаралды.

Астанада қылмыс саны екі есеге төмендеді

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі бойынша Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун баяндады. 

«ВАК-тың соңғы отырысында 22 объекті қаралды. Қазіргі таңда «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС өкілетті мекемесінің 16 нысаны қаралды, олар: («Жағалау-3», «Жағалау-4», «Шығыс», «Столичный-2», «Есіл-2», «Арыстан», «Араби-2», «ТК-1», «Тұран Сығанақ», «Жеті жол», «Комсомольский», «Айсанам Де Люкс», «Кomfort Deluxe», «Садовые кварталы», «Гарант», «Династия»), деді С.Хорошун.

Төтенше, санитарлық-эпидемиологиялық, қаланың ағымдағы нысандардың тыныс-тіршілігі мен жылу маусымы туралы қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов баяндады. Оның айтуынша, өткен аптада жұқпалы аурулар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақты, бақылау деңгейінен асып кетпеген. Астанадағы жылу маусымы штаттық режимде өтуде. Энергия қайнар көздері нормативті жанар-жағармай қорымен қамтамасыз етілген.

Ал дәрі-дәрмек құралдары мен оның қоры туралы қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев айтып берді.

Елордадағы құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар мен криминогендік ахуал туралы қаланың ІІД басшысы Марат Қожаев есеп берді.

«Жалпы алғанда астанадағы жедел жағдай барысында қылмыс айтарлықтай азайған. Өткен аптада 549 қылмыс тіркелді, бұл алдыңғы аптаға қарағанда 46 қылмысқа аз және өткен жылмен салыстырғанда да екі есеге төмендеген. Сондай-ақ ұрлық, тонау, алаяқтық, бұзақылық та азайған» деді М.Қожаев.

Айтуынша қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс түрі төмендеген. Бұдан басқа, автокөлік ұрлау, аккумулятор, салонға ұрлыққа түсу, қаладағы қалта ұрлығы мен сауда ойын-сауық орталықтарындағы ұрлық та төмендеген. 

Ал бейнебақылау камерасының көмегімен 13 қылмыс пен 1 233 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Қалада тазалық пен тәртіп жұмыстары жүргізілуде. Әкімшілік жауапкершілікке шағын және орта бизнестің 52 басшысы тартылды, 2 – мердігерлік ұйым, 6 – ПИК, 1 – құрылыс мекемесі.

Қаланы абаттандыру мәселесі бойынша Алматы, Есіл, Сарыарқа аудандары әкімінің баяндамалары тыңдалды.

Қаладағы қоғамдық транспорттың жұмысы жайлы «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы айтып берді. Ол халықаралық әуежай аумағындағы жол қозғалысы ұйымдарын өзгерту мәселесі туралы айтты.

«Смарт-сити» жобасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасын жүзеге асыру туралы нарықтағы жанар-жағармай материалдарының ағымдағы ахуалы мен «Сергек» бейнебақылау камерасын қосу бойынша жұмыстар барысын инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Абдықадыров баяндады. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше