Аймақтар • 22 Наурыз, 2018

Семейде әскерилер Наурыз мейрамын атап өтті

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Семейде әскерилер Наурыз мейрамын атап өтті

 Семейдегі әскери госпиталь ұжымы Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуде. Терапия, хирургия, анестезолиогия және жан сақтау бөлімдері мен госпитальдың емханасы, диагностика салалары қазақтың ұлттық салт-дәстүрін көрсетті. Сөйтіп емделушілердің көңілін көтеріп, олардың тезірек сауығып кетуіне атсалысты. Мәселен, «Наурыз көже пісіру», «Қол күресі», «Тұсау кесу» дәстүрлерінен әскери медцина қызметкерлері өзара сайысқа түсті. Барлығының да дайындаған Наурыз көжесі өте дәмді болып шықты.

- Әскери медицина қызметкерлерінің балалары «Қазақ биін» биледі,-дейді «Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі,-Кәусар және Әлинұр Зәкәрия, Аружан Сембаевалар «Махаббат сезімі» музыкасын қобызда ойнады. Айжас Балаубаев болса баянда түрлі сазды әуендердің басын қосып ойнады. Нағима Ыдырышеваның шырқаған «Әсем әнім сырнайды-ай» әні мен Гүлсімхан Жексенбайқызың «Қамажай» биі де Наурыз тойдың нақышын келтірді.

Ұйымдастырушылардың барлығына госпитальдың медицина қызметінің басшысы майор Бауыржан Балубаев рахметін айтып, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Мереке соңында Қыдыр ата келіп, әскерилерге ақ тілегін айтып, батасын берді.

Раушан Нұғманбекова,

Семей