22 Наурыз, 2018

Жетісу жұрты Наурыз мерекесін тойлады

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күн мен түн теңелген шуақты мерекені атап өту Алматы облысында ерекше шаттықпен басталды. Өңірдің барлық ауданында мерекелік концерт, дәстүрлі ойындар, ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

Жетісу жұрты Наурыз мерекесін тойлады

Облыс орталығындағы мерекелік бағдарламаны ашып, аймақ тұрғындарын құттықтаған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жетісудың даңқты ұлы, ғарышкер Айдын Айымбетовке облыстың Құрметті азаматы атағын табыстады.

Батыр жерлесіміз атақ-абыройдан, марапаттан кенде емес. Бірақ, бұл атақтың орыны бөлек. Жетісу жұртының ғарышкерге деген құрметі. Ел алдындағы парызын абыроймен орындаған, отанымыздың гүлденуіне еңбек етіп жүрген азаматқа айтылған туған елдің ризашылығы, - деді облыс басшысы.

Мерекеге жиналған жұрт Наурыз көжеден дәм татып, өнер шеберлерінің концертін тамашалады. Бүгін Талдықорғанда күн райы да шуақ шашып, сынап бағанасы 22 градус ыстықты көрсетті.

Сондай-ақ, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Текелі қаласында 80 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға беріліп, ұзақ жыл баспана кезегін күткен адамдар жаңа қонысқа көшті.

Қалмаханбет Мұқаметқали,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше